Ал, ғалымдар ақ түс кемпірқосақтың барлық реңін бойына жинап алған түс екенін дәлелдеп қойды.
Тіпті, көркем сурет мектептерінде де ең жас суретшілерге ақ түсті қылқаламмен салу мүмкін емес екенін, себебі, кез-келген ақ зат ең ашық түс ретінде сақтала отырып, айналадағы заттардың түсін көрсететінін түсіндіреді.
Сондықтан, шыңылтыр аязы бар қыс ақ ұлпа қарымен, өрнекті қырауымен, мөп-мөлдір мұзымен сүреңсіз бола алмайды.
Қыстың дәл осы фотолардағыдай бейнесін сіз әлі көрмеген боларсыз!
© Photo : Russian Geographical Society / Nikolay SapronovМына суретке қарағанда табиғаттың әсем бейнесінен демің таусылардай күй кешесің. Таңсәрідегі алқызыл мен қызғылт күлгін түстің өзара үйлесімі көздің жауын алардай. Фотограф Николай Сапронов бұл туындыға "Қайырлы таң, Чегет!" деген атау берді. Чегет – кавказдық Эльбурс маңындағы тау.
1/16
© Photo : Russian Geographical Society / Nikolay Sapronov
Мына суретке қарағанда табиғаттың әсем бейнесінен демің таусылардай күй кешесің. Таңсәрідегі алқызыл мен қызғылт күлгін түстің өзара үйлесімі көздің жауын алардай. Фотограф Николай Сапронов бұл туындыға "Қайырлы таң, Чегет!" деген атау берді. Чегет – кавказдық Эльбурс маңындағы тау.
© Sputnik / Абзал КалиевНұр-Сұлтандағы архитектуралық бірегей ғимараттармен үндесе үйлескен қысқы күн өзінің кіршіксіздігімен жүректе жайлылық орнатады. Sputnik Қазақстан фотографы Абзал Қалиев елордадағы тынымсыз тіршіліктің бір сәтке маужыраған бейнесін камераға түсіріп үлгерді.
2/16
© Sputnik / Абзал Калиев
Нұр-Сұлтандағы архитектуралық бірегей ғимараттармен үндесе үйлескен қысқы күн өзінің кіршіксіздігімен жүректе жайлылық орнатады. Sputnik Қазақстан фотографы Абзал Қалиев елордадағы тынымсыз тіршіліктің бір сәтке маужыраған бейнесін камераға түсіріп үлгерді.
© Photo : Russian Geographical Society / Mikhail RevaФотограф Михаил Рева түсірген Қабарда-Балқария Республикасындағы Эльбурс биігіндегі атмосфералық шағылысу. Құс жолы Эльбурс шыңдарының арасынан өтіп жатқандай әсер береді. Ал, жасыл түс басқа әлемге тап болғандай күй кешіреді.
3/16
© Photo : Russian Geographical Society / Mikhail Reva
Фотограф Михаил Рева түсірген Қабарда-Балқария Республикасындағы Эльбурс биігіндегі атмосфералық шағылысу. Құс жолы Эльбурс шыңдарының арасынан өтіп жатқандай әсер береді. Ал, жасыл түс басқа әлемге тап болғандай күй кешіреді.
© Photo : Russian Geographical Society / Dmitriy ArkhipovАл Байқалда мұзды раушандар гүл ашты. Бұл мұз осындай таңғаларлық пішінде болатын сирек кезедесетін табиғат құбылысы. Фотограф Дмитрий Архипов дәл осы мұзды раушандардың күн батар шақтағы шағылысуы мен әлемдегі ең таза көлдегі мұз айдынын суретке түсіріп алған.
4/16
© Photo : Russian Geographical Society / Dmitriy Arkhipov
Ал Байқалда мұзды раушандар гүл ашты. Бұл мұз осындай таңғаларлық пішінде болатын сирек кезедесетін табиғат құбылысы. Фотограф Дмитрий Архипов дәл осы мұзды раушандардың күн батар шақтағы шағылысуы мен әлемдегі ең таза көлдегі мұз айдынын суретке түсіріп алған.
© Sputnik / Абзал КалиевҚыс мезгіліндегі түс ауған шақта қалалық саябақтағы көлеңкелер көзге түсер көгілдір түске боялып тұр. Абзал Қалиев бұл көріністі фотокамерасына түсіріп алды.
5/16
© Sputnik / Абзал Калиев
Қыс мезгіліндегі түс ауған шақта қалалық саябақтағы көлеңкелер көзге түсер көгілдір түске боялып тұр. Абзал Қалиев бұл көріністі фотокамерасына түсіріп алды.
© Photo : Russian Geographical Society / Dmitriy ArkhipovАл, Қар патшайымының мына тамаша сарайын Байқалда фантастикалық мұз үңгірін тапқан Дмитрий Архипов түсірген.
6/16
© Photo : Russian Geographical Society / Dmitriy Arkhipov
Ал, Қар патшайымының мына тамаша сарайын Байқалда фантастикалық мұз үңгірін тапқан Дмитрий Архипов түсірген.
© Photo : Russian Geographical Society / Vladimir SmirnovВладимир Смирновтың "Байқал, сен ғарышсың!" атты туындысы сиқыр мен магия күнделікті құбылысқа айналатын фэнтези фильмдегі кадр секілді.
7/16
© Photo : Russian Geographical Society / Vladimir Smirnov
Владимир Смирновтың "Байқал, сен ғарышсың!" атты туындысы сиқыр мен магия күнделікті құбылысқа айналатын фэнтези фильмдегі кадр секілді.
© Sputnik / Владислав ВодневҚыс кезінде күннің шығуы мен батуы ерекше әсем болады. Sputnik Қазақстан агенттігінің фототілшісі Владислав Воднев таң атқан сәттегі Нұр-Сұлтанның алқызыл түсін суретке түсірген.
8/16
© Sputnik / Владислав Воднев
Қыс кезінде күннің шығуы мен батуы ерекше әсем болады. Sputnik Қазақстан агенттігінің фототілшісі Владислав Воднев таң атқан сәттегі Нұр-Сұлтанның алқызыл түсін суретке түсірген.
© Photo : Russian Geographical Society / Oleg SemenkevichМурман облысындағы солтүстік шұғыласы таралып жатқан аймақта түнгі ай сәулесіне шағылысқан тылсым қырау. Фотосурет авторы – Олег Семенкевич.
9/16
© Photo : Russian Geographical Society / Oleg Semenkevich
Мурман облысындағы солтүстік шұғыласы таралып жатқан аймақта түнгі ай сәулесіне шағылысқан тылсым қырау. Фотосурет авторы – Олег Семенкевич.
© Sputnik / Владислав ВодневАл мына фотосуретте фотограф Владислав Воднев Нұр-Сұлтандағы солтүстік шұғыласын камераға түсіріп үлгерді.
10/16
© Sputnik / Владислав Воднев
Ал мына фотосуретте фотограф Владислав Воднев Нұр-Сұлтандағы солтүстік шұғыласын камераға түсіріп үлгерді.
© Photo : Russian Geographical Society / Anton AgarkovЕсебіне сан жетпес жұлдыздар мен жаңа пайда болып жатқан солтүстік шұғыласы астында ұмыт қалған ауыл шіркеуін фотограф Антон Агарков туындысынан көре аласыз.
11/16
© Photo : Russian Geographical Society / Anton Agarkov
Есебіне сан жетпес жұлдыздар мен жаңа пайда болып жатқан солтүстік шұғыласы астында ұмыт қалған ауыл шіркеуін фотограф Антон Агарков туындысынан көре аласыз.
© Photo : Russian Geographical Society / Oleg Semenkevich Фотограф Олег Семенкович жерді қар жапқан тұманды табиғаттың таңсәрідегі алқызыл түске боялғанын суретке түсірді.
12/16
© Photo : Russian Geographical Society / Oleg Semenkevich
Фотограф Олег Семенкович жерді қар жапқан тұманды табиғаттың таңсәрідегі алқызыл түске боялғанын суретке түсірді.
© Photo : Russian Geographical Society / Xiao ZhuФотосуретші Xiao Zhu өз туындысында тау шыңында қалықтап тұрған солтүстік шұғыласының жарық оттары мен батып бара жатқан күннің алқызыл сәулесін көруге болады.
13/16
© Photo : Russian Geographical Society / Xiao Zhu
Фотосуретші Xiao Zhu өз туындысында тау шыңында қалықтап тұрған солтүстік шұғыласының жарық оттары мен батып бара жатқан күннің алқызыл сәулесін көруге болады.
© Photo : Russian Geographical Society / Aleksandr MerkushevЕгер Александр Меркушевтың "Кеме апаты" атты фотосуретіндегі ашық түстерді алып тастаса, Үлкен Арал орнындағы тұзды шөлейтті елестетуге болады.
14/16
© Photo : Russian Geographical Society / Aleksandr Merkushev
Егер Александр Меркушевтың "Кеме апаты" атты фотосуретіндегі ашық түстерді алып тастаса, Үлкен Арал орнындағы тұзды шөлейтті елестетуге болады.
© Sputnik / Тимур БатыршинSputnik Қазақстан агенттігінің фототілшісі Тимур Батыршиннің бұл туындысында Алматыда жауған қар мегаполистің жарықтарымен қуаласпақ ойнап жатқандай, түрлі-түсті рең береді.
15/16
© Sputnik / Тимур Батыршин
Sputnik Қазақстан агенттігінің фототілшісі Тимур Батыршиннің бұл туындысында Алматыда жауған қар мегаполистің жарықтарымен қуаласпақ ойнап жатқандай, түрлі-түсті рең береді.
© Photo : Russian Geographical Society / Dmitriy KocherginФотограф Дмитрий Кочергин қыс түнінде маужырап жатқан орманнан "Айлы сонатаны" бейнелей алды.
16/16
© Photo : Russian Geographical Society / Dmitriy Kochergin
Фотограф Дмитрий Кочергин қыс түнінде маужырап жатқан орманнан "Айлы сонатаны" бейнелей алды.