03:26 27 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Фото

Адуынды жануар мен адамдар арасындағы көне дәстүрлер – фото

Қысқа сілтеме алу
82 0 0
  • Bous a la Mar (испан тілінен аударғанда теңіздегі өгіздер) фестивалі
  • Кайян округіндегі коррида
  • Коста-Рикадағы Fiesta de los Diablitos кішкентай ібілістер фестивалі
  • Эфиопияның оңтүстік бөлігінде хамар тайпасынан шыққан ер адам өгіз үстінен секіру салтанатына қатысып жатыр
  • Памплондағы Сан-Фермин фестивалінде өгіздермен жарысу.
  • Yawar Fiesta фестивалінің атауы көне кечуа тілінде қан фестивалі
  • Испанияның Лусон атты шағын ауылындағы карнавал кезінде құбыжық бейнесіндегі адам ауыл тұрғындарының бетіне бояу жағып тұр.
  • Канзас-Ситидегі Professional Bull Riders өгіздерді ерттеп мінген кәсіби шабандоздардың родеосы.
  • Португалияның солтүстігіндегі Ламегода өткен карнавал кезіндегі көрініс.
  • Вьетнамдағы өгіздер жекпе-жегінде жеңімпаз болған өгіз бен оның иесі
  • Су өгіздері жылдамдықпен жарысуға қабілетті
  • Өгіз костюмін киген карнавал қатысушысы
© AP Photo / Fernando Hernandez
Bous a la Mar (испан тілінен аударғанда "теңіздегі өгіздер") фестивалі шілде айында Дения қаласында өтеді. Оның басты ерекшелігі – өгіздер Маркес-де-Кампо қаласының басты көшесімен жағалауға қарай жарыса жүгіреді. Жүрек жұтқан жігіттер жануарлармен бірге теңізге секіреді. Бұл дәстүр олар үшін қауіпсіз. Жануарға да зиян келмейді. Теңізге секірген барлық өгіз жағалауға шығарылады.

Әлемде кеңінен танылған испан корридасы қазіргі кезде қоғам тарапынан көптеген сынға ұшырағанымен, адуынды жануармен байланысты ойындар Испанияда ғана өтпейді

Ғаламшарда қанша мемлекет болса, сол елде тұратын халықтың өз салты, өз дәстүрі бар. Бұл дәстүрлер түрлі жануарларды қасиетті жаратылыс санап, онымен тығыз байланысты ырымдардың, фестивальдер мен мерекелердің қалыптасуына ықпал етеді. Мәселен, қазақ жылқыны қасиет дарыған жануар деп таныса, үнділердің сиырға көрсетер құрметінде шек жоқ. Ал піл Таиландтың ұлттық символы болып табылады.

Сонымен қатар, әлемнің түрлі елінде өгіздермен байланысты сан алуан фестиваль мен ойындар қалыптасқаны баршаға аян.

Соның ішінде ең танымалы – испан корридасы. Қазіргі уақытта қоғам тарапынан үлкен сынға ұшырап жатқанымен, адуынды жануар қатысатын ойындар Испанияда ғана өтпейді.

Оқи отырыңыз: Шығыстың нәзік сиқыры: іш биін билейтін қыздардың суреті

Әлемнің түрлі елінде адамдар мен өгіздерді қандай салт-дәстүр байланыстыратынын төмендегі суреттер топтамасынан тамашалаңыз.

Кілт сөздер:
салт-дәстүр, адам
Загрузка...

Басты тақырып