Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Адуынды жануар мен адамдар арасындағы көне дәстүрлер – фото

Жазылу
Әлемде кеңінен танылған испан корридасы қазіргі кезде қоғам тарапынан көптеген сынға ұшырағанымен, адуынды жануармен байланысты ойындар Испанияда ғана өтпейді

Ғаламшарда қанша мемлекет болса, сол елде тұратын халықтың өз салты, өз дәстүрі бар. Бұл дәстүрлер түрлі жануарларды қасиетті жаратылыс санап, онымен тығыз байланысты ырымдардың, фестивальдер мен мерекелердің қалыптасуына ықпал етеді. Мәселен, қазақ жылқыны қасиет дарыған жануар деп таныса, үнділердің сиырға көрсетер құрметінде шек жоқ. Ал піл Таиландтың ұлттық символы болып табылады.

Сонымен қатар, әлемнің түрлі елінде өгіздермен байланысты сан алуан фестиваль мен ойындар қалыптасқаны баршаға аян.

Соның ішінде ең танымалы – испан корридасы. Қазіргі уақытта қоғам тарапынан үлкен сынға ұшырап жатқанымен, адуынды жануар қатысатын ойындар Испанияда ғана өтпейді.

Оқи отырыңыз: Шығыстың нәзік сиқыры: іш биін билейтін қыздардың суреті

Әлемнің түрлі елінде адамдар мен өгіздерді қандай салт-дәстүр байланыстыратынын төмендегі суреттер топтамасынан тамашалаңыз.

© AP Photo / Fernando HernandezBous a la Mar (испан тілінен аударғанда "теңіздегі өгіздер") фестивалі шілде айында Дения қаласында өтеді. Оның басты ерекшелігі – өгіздер Маркес-де-Кампо қаласының басты көшесімен жағалауға қарай жарыса жүгіреді. Жүрек жұтқан жігіттер жануарлармен бірге теңізге секіреді. Бұл дәстүр олар үшін қауіпсіз. Жануарға да зиян келмейді. Теңізге секірген барлық өгіз жағалауға шығарылады.
Bous a la Mar (испан тілінен аударғанда теңіздегі өгіздер) фестивалі  - Sputnik Қазақстан
1/12
Bous a la Mar (испан тілінен аударғанда "теңіздегі өгіздер") фестивалі шілде айында Дения қаласында өтеді. Оның басты ерекшелігі – өгіздер Маркес-де-Кампо қаласының басты көшесімен жағалауға қарай жарыса жүгіреді. Жүрек жұтқан жігіттер жануарлармен бірге теңізге секіреді. Бұл дәстүр олар үшін қауіпсіз. Жануарға да зиян келмейді. Теңізге секірген барлық өгіз жағалауға шығарылады.
© AP Photo / Xinhua/Peng NianМяо халқының өкілдері Қытайдың оңтүстік-батысында Гуйчжоу провинциясындағы Кайян округіндегі корридада. Ашатұяқтылардың жекпе-жегін тамашалауға 50 мыңға жуық көрермен келеді. Мұндағы өгіздер Испаниядағы корридадағыдай құрбанға айналмайды. Яғни, бұлар басқа уақытта күріш алқабында жұмыс жасайтын "әуесқойлар". Жекпе-жек алдында олардың бұлшықеттеріне жаттығу жасалып, ұрыс кезінде жануарға қауіп төнсе, оларды дереу ажыратады.
Кайян округіндегі коррида - Sputnik Қазақстан
2/12
Мяо халқының өкілдері Қытайдың оңтүстік-батысында Гуйчжоу провинциясындағы Кайян округіндегі корридада. Ашатұяқтылардың жекпе-жегін тамашалауға 50 мыңға жуық көрермен келеді. Мұндағы өгіздер Испаниядағы корридадағыдай құрбанға айналмайды. Яғни, бұлар басқа уақытта күріш алқабында жұмыс жасайтын "әуесқойлар". Жекпе-жек алдында олардың бұлшықеттеріне жаттығу жасалып, ұрыс кезінде жануарға қауіп төнсе, оларды дереу ажыратады.
© AFP 2024 / Rodrigo AranguaКоста-Рикадағы Fiesta de los Diablitos кішкентай ібілістер фестивалі ретінде өткенімен, оның шынайы мәні Бабалар рухының фестиваліне ұқсайды. Бұл іс-шара ежелгі брунка тайпалары тұратын Борук пен Рей Карре ауылында өтеді. Фестивальде бетперде мен түрлі кейіпте костюмдер киіп брунка тайпасының испандық конкистадорларды жеңгенін атап өтеді. Ер адамдар diablitos немесе бабалар рухы ретінде киініп, ал енді бірі испандық басқыншыларды бейнелейтін өгіз мүсінін бейнелеген.
Коста-Рикадағы Fiesta de los Diablitos кішкентай ібілістер фестивалі  - Sputnik Қазақстан
3/12
Коста-Рикадағы Fiesta de los Diablitos кішкентай ібілістер фестивалі ретінде өткенімен, оның шынайы мәні Бабалар рухының фестиваліне ұқсайды. Бұл іс-шара ежелгі брунка тайпалары тұратын Борук пен Рей Карре ауылында өтеді. Фестивальде бетперде мен түрлі кейіпте костюмдер киіп брунка тайпасының испандық конкистадорларды жеңгенін атап өтеді. Ер адамдар diablitos немесе бабалар рухы ретінде киініп, ал енді бірі испандық басқыншыларды бейнелейтін өгіз мүсінін бейнелеген.
© AFP 2024 / Carl De SouzaЭфиопияның оңтүстік бөлігінде хамар тайпасынан шыққан ер адам өгіз үстінен секіру салтанатына қатысып жатыр. Секірудің мұндай дәстүрі бірнеше мыңжылдықтан бері жалғасып келеді. Осындай батылдықтан кейін жас жігіттерге некеге тұруға рұқсат беріледі. Ер адам қатар тізілген өгіздердің үстінен төрт рет жүріп өтуі керек. Ал егер аяғы тайып өгіздердің арасына құлап түссе, қайта бастайды. Өгіздердің үстінен жүріп өте алмағандар ауылынан қуылып, мазаққа айналады және ол кейін әйелсіз қалуы мүмкін.
Эфиопияның оңтүстік бөлігінде хамар тайпасынан шыққан ер адам өгіз үстінен секіру салтанатына қатысып жатыр - Sputnik Қазақстан
4/12
Эфиопияның оңтүстік бөлігінде хамар тайпасынан шыққан ер адам өгіз үстінен секіру салтанатына қатысып жатыр. Секірудің мұндай дәстүрі бірнеше мыңжылдықтан бері жалғасып келеді. Осындай батылдықтан кейін жас жігіттерге некеге тұруға рұқсат беріледі. Ер адам қатар тізілген өгіздердің үстінен төрт рет жүріп өтуі керек. Ал егер аяғы тайып өгіздердің арасына құлап түссе, қайта бастайды. Өгіздердің үстінен жүріп өте алмағандар ауылынан қуылып, мазаққа айналады және ол кейін әйелсіз қалуы мүмкін.
© Sputnik / Alejandro Martinez Velez / Медиабанкке өтуПамплондағы Сан-Фермин фестивалінде өгіздермен жарысу. Мойнына қызыл орамал байлаған жігіттер қала көшесінде адуынды өгіздерден қашу арқылы жылдамдық пен икемділікті және төдімділікті паш етеді. Бұл кинематографистер үшін ең сүйікті шаралардың бірі. Өгізбен жарысу көптеген кинотуындыларда көрсетілген. Соның қатарында "№17 аңыз" фильмі бар.
Памплондағы Сан-Фермин фестивалінде өгіздермен жарысу. - Sputnik Қазақстан
5/12
Памплондағы Сан-Фермин фестивалінде өгіздермен жарысу. Мойнына қызыл орамал байлаған жігіттер қала көшесінде адуынды өгіздерден қашу арқылы жылдамдық пен икемділікті және төдімділікті паш етеді. Бұл кинематографистер үшін ең сүйікті шаралардың бірі. Өгізбен жарысу көптеген кинотуындыларда көрсетілген. Соның қатарында "№17 аңыз" фильмі бар.
© AP Photo / Silvia IzquierdoYawar Fiesta фестивалінде испандық өгіздер арқасына байланған айдарлы құмайлармен "жекпе-жекке" түседі. Бұл Перуді испан басқыншыларынан азат етуді бейнелейді. Жалпы Yawar Fiesta фестивалінің атауы көне кечуа тілінде "қан фестивалі" дегенді білдіреді.
Yawar Fiesta фестивалінің атауы көне кечуа тілінде қан фестивалі - Sputnik Қазақстан
6/12
Yawar Fiesta фестивалінде испандық өгіздер арқасына байланған айдарлы құмайлармен "жекпе-жекке" түседі. Бұл Перуді испан басқыншыларынан азат етуді бейнелейді. Жалпы Yawar Fiesta фестивалінің атауы көне кечуа тілінде "қан фестивалі" дегенді білдіреді.
© AP Photo / Daniel Ochoa De OlzaБеті-қолына қара май жағып, басына өгіз мүйізін тағып, беліне сиыр қоңырауын байлаған ібілісті бейнелеуші адам. Испанияның Лусон атты шағын ауылындағы карнавал кезінде құбыжық бейнесіндегі адам ауыл тұрғындарының бетіне бояу жағып тұр.
Испанияның Лусон атты шағын ауылындағы карнавал кезінде құбыжық бейнесіндегі адам ауыл тұрғындарының бетіне бояу жағып тұр. - Sputnik Қазақстан
7/12
Беті-қолына қара май жағып, басына өгіз мүйізін тағып, беліне сиыр қоңырауын байлаған ібілісті бейнелеуші адам. Испанияның Лусон атты шағын ауылындағы карнавал кезінде құбыжық бейнесіндегі адам ауыл тұрғындарының бетіне бояу жағып тұр.
© AP Photo / Colin E. BraleyКанзас-Ситидегі Professional Bull Riders өгіздерді ерттеп мінген кәсіби шабандоздардың родеосы.
Канзас-Ситидегі Professional Bull Riders өгіздерді ерттеп мінген кәсіби шабандоздардың родеосы. - Sputnik Қазақстан
8/12
Канзас-Ситидегі Professional Bull Riders өгіздерді ерттеп мінген кәсіби шабандоздардың родеосы.
© AP Photo / Francisco SecoПортугалияның Лагоа ауылындағы өгіз бетпердесін тағып, карнавал костюмін киген сайқымазақтар жаяу жүргіншілерді қорқытуда. Португалияның солтүстігіндегі Ламегода өткен карнавал кезіндегі көрініс.
Португалияның солтүстігіндегі Ламегода өткен карнавал кезіндегі көрініс.  - Sputnik Қазақстан
9/12
Португалияның Лагоа ауылындағы өгіз бетпердесін тағып, карнавал костюмін киген сайқымазақтар жаяу жүргіншілерді қорқытуда. Португалияның солтүстігіндегі Ламегода өткен карнавал кезіндегі көрініс.
© AP Photo / Hau DinhВьетнамдағы өгіздер жекпе-жегінде жеңімпаз болған өгіз бен оның иесі. Өгіздер жекпе-жегі бұл елдегі ауыл шаруашылық дәстүрлерінен бастау алады. Аренаға жіберілген жануарлардың қайсысы қарсыласын жеңіп, оны қуа алса, сол жеңімпаз атанады. Алайда, соңғы жылдары шараның қатігездікке толы болуына байланысты фестиваль жергілікті халықтың наразылығын тудыруда.
Вьетнамдағы өгіздер жекпе-жегінде жеңімпаз болған өгіз бен оның иесі - Sputnik Қазақстан
10/12
Вьетнамдағы өгіздер жекпе-жегінде жеңімпаз болған өгіз бен оның иесі. Өгіздер жекпе-жегі бұл елдегі ауыл шаруашылық дәстүрлерінен бастау алады. Аренаға жіберілген жануарлардың қайсысы қарсыласын жеңіп, оны қуа алса, сол жеңімпаз атанады. Алайда, соңғы жылдары шараның қатігездікке толы болуына байланысты фестиваль жергілікті халықтың наразылығын тудыруда.
© AP Photo / Sakchai LalitСу өгіздері жылдамдықпен жарысуға қабілетті. Ал лай шашылған тас жол жарысты одан сайын қызықты ете түседі. Сонымен қатар, су өгіздері – енекелер жер қазу жұмыстарында таптырмас еңбек күші. Бірақ олардың мінезі тұқымдастарына қарағанда өзгеше. Олар басын ғана судан шығарып жатқанды жақсы көреді.
Су өгіздері жылдамдықпен жарысуға қабілетті - Sputnik Қазақстан
11/12
Су өгіздері жылдамдықпен жарысуға қабілетті. Ал лай шашылған тас жол жарысты одан сайын қызықты ете түседі. Сонымен қатар, су өгіздері – енекелер жер қазу жұмыстарында таптырмас еңбек күші. Бірақ олардың мінезі тұқымдастарына қарағанда өзгеше. Олар басын ғана судан шығарып жатқанды жақсы көреді.
© AP Photo / Bob EdmeӨгіз костюмін киген карнавал қатысушысы. Баск елінің Сантимаминье, Сагастигорри, Коваирадеа үңгірінің жанында қызыл түсті сиыр мен көзі алабұртқан бұзау немесе өгіздер жиі кездеседі. Бұл – Beigorri қамқоршысы әрі аймақ қорғаушысы. Жануаржың мұндай бейнесі осы өңірдегі үңгірлерден табылған көп суреттерде көптеп кездезеді.
Өгіз костюмін киген карнавал қатысушысы - Sputnik Қазақстан
12/12
Өгіз костюмін киген карнавал қатысушысы. Баск елінің Сантимаминье, Сагастигорри, Коваирадеа үңгірінің жанында қызыл түсті сиыр мен көзі алабұртқан бұзау немесе өгіздер жиі кездеседі. Бұл – Beigorri қамқоршысы әрі аймақ қорғаушысы. Жануаржың мұндай бейнесі осы өңірдегі үңгірлерден табылған көп суреттерде көптеп кездезеді.
Жаңалықтар
0