11:49 23 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Фото

Қыс қызығы: Харбинде мұз мүсіндер қалай жасалады – фото

Қысқа сілтеме алу
50 0 0
  • Харбиндегі мұз сарайының құрылысшылары мөлдір қабырғаларды қалап жатыр
  • Түскі үзіліс кезіндегі жұмысшы
  • Өзен бетінде мұз кесу
  • Харбиндегі Мұз мүсіндер
  • Су Харбиндегі төмен температурада мұз кірпіштерді біріктірудің таптырмас құралы
  • Қар мен мұз – суретшілердің жәй адамның ойына келмес фантазияларын іске асыруға мүмкіндік беретін материалдар.
  • Мұз қалашықта жарық мәселесіне ерекше мән беріледі
  • Өткен жылы 600 гектар аумақты алып жатқан қалашық 15 күннің ішінде салынды.
  • Жұмысшылар мен суретшілер фестивальге дайындық күндерінде бір отбасыға айналады.
  • Мұздан салынған құрылыс берік болуы үшін олар темір конструкциялармен бекітіледі.
  • Харбиндегі мұз қалашықтың құрылысшылары ең көп қолданатын құрал – бензинмен істейтін шынжырлы ара.
  • Фестивальдің ресми ашылуы бүгін, 5 қаңтарға белгіленген. Бұл айрықша іс-шара бір айдан астам уақытқа созылады.
© REUTERS / Carlos Garcia Rawlins
Харбиндегі мұз сарайының құрылысшылары мөлдір қабырғаларды қалап жатыр.

Қытайдың Харбин қаласында отыз жетінші халықаралық қар мен мұз фестивалі басталды. Коронавирус пандемиясына қарамастан, қала тұрғындары үшін алғашқы мұз қалашық ашылды

Харбиндегі бұл шара әлемдегі ең үлкен фестиваль болып табылады. Өйткені, соңғы үш онжылдықта мұнда бірнеше рет Гиннес рекорды жаңарды. Оның ішінде ең ірі мұз мүсіндері мен басқа да ғажайып дүниелер бар.

Фестиваль ресми түрде 5 қаңтарда ашылып, ақпан айының соңына дейін жалғасады.

Қазірдің өзінде ондаған түрлі-түсті ірі мұз мүсіндер көрермендер назарына ұсынылды. Ал бұл жерге келетіндердің көпшілігі негізінен жергілікті халық пен Қытай азаматтары. Себебі, кей елдердегі эпидемиологиялық жағдай саяхаттауға біршама шектеулер қойып отыр.

Фестивальдің биылғы тақырыбы: "Сиқырлы Харбин, мұзды қар, көз жауын алатын Қытай".

1963 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан Харбиндегі мұз мерекесі пандемия жағдайында Қытайда өткен жылдың ең ірі шарасы болмақ.

Оқи отырыңыз: Чебурашкадан Нэчжаға дейін: демалыста көретін үздік мультфильмдер жинағы – фото

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар келушілер санының шектелуіне байланысты бағдарламаға өзгерістер енгізілуі мүмкін деп ескертеді. Олардың айтуынша, аймақтардағы адамдардың саны нақты жағдайдың қалай өрбитініне байланысты реттеледі.

Кілт сөздер:
қыс, мұз
Загрузка...

Басты тақырып