Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Қыс қызығы: Харбинде мұз мүсіндер қалай жасалады – фото

Жазылу
Қытайдың Харбин қаласында отыз жетінші халықаралық қар мен мұз фестивалі басталды. Коронавирус пандемиясына қарамастан, қала тұрғындары үшін алғашқы мұз қалашық ашылды

Харбиндегі бұл шара әлемдегі ең үлкен фестиваль болып табылады. Өйткені, соңғы үш онжылдықта мұнда бірнеше рет Гиннес рекорды жаңарды. Оның ішінде ең ірі мұз мүсіндері мен басқа да ғажайып дүниелер бар.

Фестиваль ресми түрде 5 қаңтарда ашылып, ақпан айының соңына дейін жалғасады.

Қазірдің өзінде ондаған түрлі-түсті ірі мұз мүсіндер көрермендер назарына ұсынылды. Ал бұл жерге келетіндердің көпшілігі негізінен жергілікті халық пен Қытай азаматтары. Себебі, кей елдердегі эпидемиологиялық жағдай саяхаттауға біршама шектеулер қойып отыр.

Фестивальдің биылғы тақырыбы: "Сиқырлы Харбин, мұзды қар, көз жауын алатын Қытай".

1963 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан Харбиндегі мұз мерекесі пандемия жағдайында Қытайда өткен жылдың ең ірі шарасы болмақ.

Оқи отырыңыз: Чебурашкадан Нэчжаға дейін: демалыста көретін үздік мультфильмдер жинағы – фото

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар келушілер санының шектелуіне байланысты бағдарламаға өзгерістер енгізілуі мүмкін деп ескертеді. Олардың айтуынша, аймақтардағы адамдардың саны нақты жағдайдың қалай өрбитініне байланысты реттеледі.

© REUTERS / Carlos Garcia RawlinsХарбиндегі мұз сарайының құрылысшылары мөлдір қабырғаларды қалап жатыр.
Харбиндегі мұз сарайының құрылысшылары мөлдір қабырғаларды қалап жатыр - Sputnik Қазақстан
1/12
Харбиндегі мұз сарайының құрылысшылары мөлдір қабырғаларды қалап жатыр.
© REUTERS / Carlos Garcia RawlinsФестивальдің ашылуына дейін жұмысшылар мен мүсіншілер тәулік бойы жұмыс істеп, таңғажайып ғимараттар мен мүсіндер тұрғызады. Жұмысшыларға тамақ дайындалатын шатырларда бөлме температурасы сақталса, сыртта қақаған аяз.
Түскі үзіліс кезіндегі жұмысшы - Sputnik Қазақстан
2/12
Фестивальдің ашылуына дейін жұмысшылар мен мүсіншілер тәулік бойы жұмыс істеп, таңғажайып ғимараттар мен мүсіндер тұрғызады. Жұмысшыларға тамақ дайындалатын шатырларда бөлме температурасы сақталса, сыртта қақаған аяз.
© REUTERS / Carlos Garcia RawlinsМұз қалашығының құрылысына арналған материалдар жақын маңда орналасқан Сунгари өзенінің мұз қатқан бетінен ойып алынады. Кейде сәулетшінің идеясын жүзеге асыруға "құрылыс материалы" жетпей қалатын кездер де болады.
Өзен бетінде мұз кесу - Sputnik Қазақстан
3/12
Мұз қалашығының құрылысына арналған материалдар жақын маңда орналасқан Сунгари өзенінің мұз қатқан бетінен ойып алынады. Кейде сәулетшінің идеясын жүзеге асыруға "құрылыс материалы" жетпей қалатын кездер де болады.
© REUTERS / Carlos Garcia RawlinsМұз мүсіндер мен сарайларға "мұзды коммуникациялар" жеткізілуде. Бұл күн батып, түн енген шақта бой көтерген мөлдір нысандардың бар сұлулығын паш етуге көмекші болмақ.
Харбиндегі Мұз мүсіндер   - Sputnik Қазақстан
4/12
Мұз мүсіндер мен сарайларға "мұзды коммуникациялар" жеткізілуде. Бұл күн батып, түн енген шақта бой көтерген мөлдір нысандардың бар сұлулығын паш етуге көмекші болмақ.
© REUTERS / Carlos Garcia RawlinsҮлкен мұз блоктар судың көмегімен бір-біріне жабыстырылады. Бұл Харбиндегі төмен температурада мұз кірпіштерді біріктірудің таптырмас құралы болып табылады.
Су Харбиндегі төмен температурада мұз кірпіштерді біріктірудің таптырмас құралы  - Sputnik Қазақстан
5/12
Үлкен мұз блоктар судың көмегімен бір-біріне жабыстырылады. Бұл Харбиндегі төмен температурада мұз кірпіштерді біріктірудің таптырмас құралы болып табылады.
© REUTERS / Carlos Garcia RawlinsҚар мен мұз – суретшілердің жәй адамның ойына келмес фантазияларын іске асыруға мүмкіндік беретін материалдар.
Қар мен мұз – суретшілердің жәй адамның ойына келмес фантазияларын іске асыруға мүмкіндік беретін материалдар. - Sputnik Қазақстан
6/12
Қар мен мұз – суретшілердің жәй адамның ойына келмес фантазияларын іске асыруға мүмкіндік беретін материалдар.
© REUTERS / Carlos Garcia RawlinsМұз қалашықтың барлық мүсіндері мен құрылыс нысандары тиісті деңгейде жарықтандырылуы керек. Сондықтан да жарық мәселесіне ерекше мән беріледі.
Мұз қалашықта жарық мәселесіне ерекше мән беріледі - Sputnik Қазақстан
7/12
Мұз қалашықтың барлық мүсіндері мен құрылыс нысандары тиісті деңгейде жарықтандырылуы керек. Сондықтан да жарық мәселесіне ерекше мән беріледі.
© REUTERS / Carlos Garcia RawlinsӨткен жылы 600 гектар аумақты алып жатқан қалашық 15 күннің ішінде салынды.
Өткен жылы 600 гектар аумақты алып жатқан қалашық 15 күннің ішінде салынды.  - Sputnik Қазақстан
8/12
Өткен жылы 600 гектар аумақты алып жатқан қалашық 15 күннің ішінде салынды.
© REUTERS / Carlos Garcia RawlinsЖұмысшылар мен суретшілер фестивальге дайындық күндерінде бір отбасыға айналады.
Жұмысшылар мен суретшілер фестивальге дайындық күндерінде бір отбасыға айналады.  - Sputnik Қазақстан
9/12
Жұмысшылар мен суретшілер фестивальге дайындық күндерінде бір отбасыға айналады.
© REUTERS / Carlos Garcia RawlinsМұздан салынған құрылыс берік болуы үшін олар темір конструкциялармен бекітіледі.
Мұздан салынған құрылыс берік болуы үшін олар темір конструкциялармен бекітіледі. - Sputnik Қазақстан
10/12
Мұздан салынған құрылыс берік болуы үшін олар темір конструкциялармен бекітіледі.
© REUTERS / Carlos Garcia RawlinsХарбиндегі мұз қалашықтың құрылысшылары ең көп қолданатын құрал – бензинмен істейтін шынжырлы ара.
Харбиндегі мұз қалашықтың құрылысшылары ең көп қолданатын құрал – бензинмен істейтін шынжырлы ара. - Sputnik Қазақстан
11/12
Харбиндегі мұз қалашықтың құрылысшылары ең көп қолданатын құрал – бензинмен істейтін шынжырлы ара.
© REUTERS / Carlos Garcia RawlinsФестивальдің ресми ашылуы бүгін, 5 қаңтарға белгіленген. Бұл айрықша іс-шара бір айдан астам уақытқа созылады.
Фестивальдің ресми ашылуы бүгін, 5 қаңтарға белгіленген. Бұл айрықша іс-шара бір айдан астам уақытқа созылады. - Sputnik Қазақстан
12/12
Фестивальдің ресми ашылуы бүгін, 5 қаңтарға белгіленген. Бұл айрықша іс-шара бір айдан астам уақытқа созылады.
Жаңалықтар
0