Абайдың Ділдә, Әйгерім және Еркежан деген үш жары болған. Ол кезде көп әйел алу рұқсат етілген еді. Үшеуі де бір уақытта ақынның жары болды, бірақ әртүрлі ауылда тұрған.
Абай Ділдәға 15 жасында үйленді. Неке жастардың әкелерінің келісімімен қиылған. Ділдә да Абай сияқты текті отбасынан шыққан. Ол Қазыбек бидің ұрпағы, арғын руының биі Алшынбайдың туған немересі.
Абай тұрған үй: ақынның музейіне саяхат – видео
Ақынның екінші жары – Әйгерім. Оның шын есімі – Шүкіман (болжам бойынша "қант сияқты тәтті" деп аударылады). Ал оған Әйгерім деген есімді Абайдың өзі қойған. Қыздың сұлу болғаны соншалық, ақын оны "ай керім" деп атап кеткен екен. Абай Әйгерімге 30 жасында үйленген, олардың жас айырмашылығы 11 жасты құрапты. Әйгерім ақынның ең сүйікті жары болған екен. Абай өз сүйіктісін кездестірген жердегі бұлаққа қыздың есімі берілген. Әйгерім де текті отбасынан шыққан қыз, ол ұлт батыры, қазақтарды жоңғарлардан қорғаған Мамай батырдың тікелей ұрпағы.
Ұлы ақынның үшінші жары – Еркежан. Ол бастапқыда Абайдың інісі Оспанның әйелі болған. 1892 жылы Оспан қайтыс болғаннан кейін Еркежан әмеңгерлікпен Абайды үшінші жары болып, ақынның өмірінің соңғы 11 жылында Жидебайда бірге тұрған.
Құнанбай қажылыққа аттанған: Қазақстандағы ежелгі мешіт туралы не білеміз?
Олардың ортақ балалары жоқ. Еркежан бірінші некеден туған ұрпағын тәрбиелеген. Еркежанға Құнанбаевтар отбасының мүшелері – қайын атасы Құнанбай Өскенбаевты, күйеулері – Оспан мен Абайды, ақынның әйелдері – Ділдә мен Әйгерімді жерлеу ауыртпалығы түсіпті. Еркежанның өзі Оспан мен Абайдың зиратына жақын жерде – Жидебайда жер қойнына тапсырылды. Ал Ділдә мен Әйгерім Абай тасжолы бойындағы Аралтөбе, Ақшоқы деген мекендерде жерленген екен.
Ақынның екі әйелі 10 бала тапқан, олардан 19 немере мен 13 шөбере тараған. Олардың тоғызы Ұлы Отан соғысына қатысып, тек екеуі туған жеріне оралыпты.
Абай мұрасы бізге қалай жетті - фото
Sputnik Қазақстан Абайдың әйелдерінің жеке заттарының фотосын назарға ұсынады. Бұл суреттерден Құнанбаевтар отбасының қалай өмір сүргенін көруге болады.