Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Абайдың үш әйелі: ақын сүйіктілеріне не сыйлаған - фото

Жазылу
Абай Құнанбаевтың есімін бүкіл әлем таниды. Ұлы ақын, ағартушы әрі философтың туындылары әлі күнге дейін өзектілігін жойған емес. Дегенмен қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушының жеке өмірі туралы көбі біле бермейді

Абайдың Ділдә, Әйгерім және Еркежан деген үш жары болған. Ол кезде көп әйел алу рұқсат етілген еді. Үшеуі де бір уақытта ақынның жары болды, бірақ әртүрлі ауылда тұрған.

Абай Ділдәға 15 жасында үйленді. Неке жастардың әкелерінің келісімімен қиылған. Ділдә да Абай сияқты текті отбасынан шыққан. Ол Қазыбек бидің ұрпағы, арғын руының биі Алшынбайдың туған немересі.

Абай тұрған үй: ақынның музейіне саяхат – видео

Ақынның екінші жары – Әйгерім. Оның шын есімі – Шүкіман (болжам бойынша "қант сияқты тәтті" деп аударылады). Ал оған Әйгерім деген есімді Абайдың өзі қойған. Қыздың сұлу болғаны соншалық, ақын оны "ай керім" деп атап кеткен екен. Абай Әйгерімге 30 жасында үйленген, олардың жас айырмашылығы 11 жасты құрапты. Әйгерім ақынның ең сүйікті жары болған екен. Абай өз сүйіктісін кездестірген жердегі бұлаққа қыздың есімі берілген. Әйгерім де текті отбасынан шыққан қыз, ол ұлт батыры, қазақтарды жоңғарлардан қорғаған Мамай батырдың тікелей ұрпағы.

Ұлы ақынның үшінші жары – Еркежан. Ол бастапқыда Абайдың інісі Оспанның әйелі болған. 1892 жылы Оспан қайтыс болғаннан кейін Еркежан әмеңгерлікпен Абайды үшінші жары болып, ақынның өмірінің соңғы 11 жылында Жидебайда бірге тұрған.

Құнанбай қажылыққа аттанған: Қазақстандағы ежелгі мешіт туралы не білеміз?

Олардың ортақ балалары жоқ. Еркежан бірінші некеден туған ұрпағын тәрбиелеген. Еркежанға Құнанбаевтар отбасының мүшелері – қайын атасы Құнанбай Өскенбаевты, күйеулері – Оспан мен Абайды, ақынның әйелдері – Ділдә мен Әйгерімді жерлеу ауыртпалығы түсіпті. Еркежанның өзі Оспан мен Абайдың зиратына жақын жерде – Жидебайда жер қойнына тапсырылды. Ал Ділдә мен Әйгерім Абай тасжолы бойындағы Аралтөбе, Ақшоқы деген мекендерде жерленген екен.

Ақынның екі әйелі 10 бала тапқан, олардан 19 немере мен 13 шөбере тараған. Олардың тоғызы Ұлы Отан соғысына қатысып, тек екеуі туған жеріне оралыпты.

Абай мұрасы бізге қалай жетті - фото

Sputnik Қазақстан Абайдың әйелдерінің жеке заттарының фотосын назарға ұсынады. Бұл суреттерден Құнанбаевтар отбасының қалай өмір сүргенін көруге болады.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың Ділдә, Әйгерім және Еркежан деген үш жары болған. Абайдың бірінші екі әйелінен 10 бала, 19 немере, 13 шөбере тараған. Олардың тоғызы Ұлы Отан соғысына қатысып, тек екеуі туған жеріне оралған. Бұл – бүгінгі күнге дейін жеткен ақынның екі суретінің бірі және үшінші жары Еркежан түскен (ортасында тұрған) жалғыз фото. Ал Ділдә мен Әйгерімнің суреттері сақталмапты.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың Ділдә, Әйгерім және Еркежан деген үш жары болған. Абайдың бірінші екі әйелінен 10 бала, 19 немере, 13 шөбере тараған. Олардың тоғызы Ұлы Отан соғысына қатысып, тек екеуі туған жеріне оралған. Бұл – бүгінгі күнге дейін жеткен ақынның екі суретінің бірі және үшінші жары Еркежан түскен (ортасында тұрған) жалғыз фото. Ал Ділдә мен Әйгерімнің суреттері сақталмапты.  - Sputnik Қазақстан
1/11
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың Ділдә, Әйгерім және Еркежан деген үш жары болған. Абайдың бірінші екі әйелінен 10 бала, 19 немере, 13 шөбере тараған. Олардың тоғызы Ұлы Отан соғысына қатысып, тек екеуі туған жеріне оралған. Бұл – бүгінгі күнге дейін жеткен ақынның екі суретінің бірі және үшінші жары Еркежан түскен (ортасында тұрған) жалғыз фото. Ал Ділдә мен Әйгерімнің суреттері сақталмапты.
© Sputnik / Жания Уранкаева1885 жылы Абай заттарын өлкетану музейіне тапсырыпты. Олардың арасында ақынның екінші жары Әйгерімнің таза тері, ағаш пен күмістен жасалған ер-тоқымы болған екен.
1885 жылы Абай заттарын өлкетану музейіне тапсырыпты. Олардың арасында ақынның екінші жары Әйгерімнің таза тері, ағаш пен күмістен жасалған ер-тоқымы болған екен. - Sputnik Қазақстан
2/11
1885 жылы Абай заттарын өлкетану музейіне тапсырыпты. Олардың арасында ақынның екінші жары Әйгерімнің таза тері, ағаш пен күмістен жасалған ер-тоқымы болған екен.
© Sputnik / Жания УранкаеваАл бұл қобдишаны Әйгерім таныстарының біріне сыйға тартыпты. Көп жыл өткен соң Семей тұрғыны Айдар Доланбеков оны музейге сыйлаған. Ерекше қобдишаны оның әжесіне Әйгерімнің өзі сыйға тартқан екен. Бұл зат ұзақ уақыт бойы ұрпақтан ұрпаққа беріліп келіпті. Ал қазір ол – құнды жәдігер.
Ал бұл қобдишаны Әйгерім таныстарының біріне сыйға тартыпты. Көп жыл өткен соң Семей тұрғыны Айдар Доланбеков оны музейге сыйлаған. Ерекше қобдишаны оның әжесіне Әйгерімнің өзі сыйға тартқан екен. Бұл зат ұзақ уақыт бойы ұрпақтан ұрпаққа беріліп келіпті. Ал қазір ол – құнды жәдігер. - Sputnik Қазақстан
3/11
Ал бұл қобдишаны Әйгерім таныстарының біріне сыйға тартыпты. Көп жыл өткен соң Семей тұрғыны Айдар Доланбеков оны музейге сыйлаған. Ерекше қобдишаны оның әжесіне Әйгерімнің өзі сыйға тартқан екен. Бұл зат ұзақ уақыт бойы ұрпақтан ұрпаққа беріліп келіпті. Ал қазір ол – құнды жәдігер.
XIX ғасырдағы қыз-келіншектер қазіргі заманғылар сияқты әшекей бұйымдарды ұнатқан. Суретте - Құнанбаевтың әйелдерінің замандастары таққан сырғалар, жүзіктер мен білезіктер.
XIX ғасырдағы қыз-келіншектер қазіргі заманғылар сияқты әшекей бұйымдарды ұнатқан. Суретте - Құнанбаевтың әйелдерінің замандастары таққан сырғалар, жүзіктер мен білезіктер.  - Sputnik Қазақстан
4/11
XIX ғасырдағы қыз-келіншектер қазіргі заманғылар сияқты әшекей бұйымдарды ұнатқан. Суретте - Құнанбаевтың әйелдерінің замандастары таққан сырғалар, жүзіктер мен білезіктер.
© Sputnik / Жания УранкаеваАбай заманындағы сән.
Абай заманындағы сән. - Sputnik Қазақстан
5/11
Абай заманындағы сән.
© Sputnik / Жания УранкаеваАқынның сүйікті әйелі Әйгерімге сыйлаған тағы бір ер-тоқымы. XIX ғасырдағы шебер туындыларының сұлулығын Жидебайдағы Құнанбаевтың музей-үйінде көруге болады.
Ақынның сүйікті әйелі Әйгерімге сыйлаған тағы бір ер-тоқымы. XIX ғасырдағы шебер туындыларының сұлулығын Жидебайдағы Құнанбаевтың музей-үйінде көруге болады.  - Sputnik Қазақстан
6/11
Ақынның сүйікті әйелі Әйгерімге сыйлаған тағы бір ер-тоқымы. XIX ғасырдағы шебер туындыларының сұлулығын Жидебайдағы Құнанбаевтың музей-үйінде көруге болады.
© Sputnik / Жания УранкаеваЖидебайдағы үйдің иесі, Абайдың үшінші жары Еркежанның бөлмесі осындай болыпты. Ол бастапқыда ақынның інісі Оспанның әйелі болған. 1892 жылы Оспан қайтыс болғаннан кейін Еркежан әмеңгерлікпен Абайдың үшінші жары болып, ақынның өмірінің соңғы 11 жылында Жидебайда бірге тұрған.
Жидебайдағы үйдің иесі, Абайдың үшінші жары Еркежанның бөлмесі осындай болыпты. Ол бастапқыда ақынның кіші інісі Оспанның әйелі болған. 1892 жылы Оспан қайтыс болғаннан кейін Еркежан әмеңгерлікпен Абайдың үшінші жары болып, ақынның өмірінің соңғы 11 жылында Жидебайда бірге тұрған. - Sputnik Қазақстан
7/11
Жидебайдағы үйдің иесі, Абайдың үшінші жары Еркежанның бөлмесі осындай болыпты. Ол бастапқыда ақынның інісі Оспанның әйелі болған. 1892 жылы Оспан қайтыс болғаннан кейін Еркежан әмеңгерлікпен Абайдың үшінші жары болып, ақынның өмірінің соңғы 11 жылында Жидебайда бірге тұрған.
© Sputnik / Жания УранкаеваXIX ғасырдағы төсек дұрыс ұйықтау талаптарына жауап берген. Яғни, бас пен аяқ бір деңгейге көтерілген, бұл қан айналымына жақсы ықпал етеді екен. Бұған қоса, көшкен кезде төсекке үйдегі керек-жарақтың бәрін салып, жолға шығып отырған.
XIX ғасырдағы төсек дұрыс ұйықтау талаптарына жауап берген. Яғни, бас пен аяқ бір деңгейге көтерілген, бұл қан айналымына жақсы ықпал етеді екен. Бұған қоса, көшкен кезде төсекке үйдегі керек-жарақтың бәрін салып, жолға шығып отырған. - Sputnik Қазақстан
8/11
XIX ғасырдағы төсек дұрыс ұйықтау талаптарына жауап берген. Яғни, бас пен аяқ бір деңгейге көтерілген, бұл қан айналымына жақсы ықпал етеді екен. Бұған қоса, көшкен кезде төсекке үйдегі керек-жарақтың бәрін салып, жолға шығып отырған.
© Sputnik / Жания УранкаеваАбайдың үш жары да кезінде мол жасаумен келіпті. Ол уақытта ағаш сандықтар сүйекпен ғана емес, бағалы тастармен әшекейленетін. Қуғын-сүргін, соғысты көрген сандықтар осындай күйде ғана сақталыпты.

Абайдың үш жары да кезінде мол жасаумен келіпті. Ол уақытта ағаш сандықтар сүйекпен ғана емес, бағалы тастармен әшекейленетін. Қуғын-сүргін, соғысты көрген сандықтар осындай күйде ғана сақталыпты.

 - Sputnik Қазақстан
9/11
Абайдың үш жары да кезінде мол жасаумен келіпті. Ол уақытта ағаш сандықтар сүйекпен ғана емес, бағалы тастармен әшекейленетін. Қуғын-сүргін, соғысты көрген сандықтар осындай күйде ғана сақталыпты.

© Sputnik / Жания УранкаеваҚобдиша мен ағаштан жасалған үтік-рубель. Еркежанның заттары.
Қобдиша мен ағаштан жасалған үтік-рубель. Еркежанның заттары. - Sputnik Қазақстан
10/11
Қобдиша мен ағаштан жасалған үтік-рубель. Еркежанның заттары.
© Sputnik / Жания УранкаеваЖидебайдағы Құнанбаевтар үйінде тұрған антиквар айна.
Жидебайдағы Құнанбаевтар үйінде тұрған антиквар айна. - Sputnik Қазақстан
11/11
Жидебайдағы Құнанбаевтар үйінде тұрған антиквар айна.
Жаңалықтар
0