Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Бай әрі сұлу: Голливудтың ең үздік актрисалары қанша табыс табады?

Жазылу
Бұл кино жұлдыздарының есімін білмейтін жан кемде-кем. Олар түскен фильмдерді көру үшін кинозалға халық лық тола жиналып, мыңдаған табынушылары жеке өмірлерін қалт жібермей отырады

Голливудтың ақылына көркі сай сұлулары Forbes журналы бойынша ең табысы мол актрисалар рейтингісіне енді. Олар асқан дарыны мен сомдаған үздік рөлдерінің арқасында ақшаны күреп тауып жүр.

Әлемнің ең танымал қара шашты сұлулары — фото

ТОП-10 рейтингісіне кімдер енді? Бірінші орында — Скарлетт Йоханссон. "Мстители" жаңа фильміндегі "Черная вдова" рөлі актрисаның табысын төрт еселеген.

Үздік үштікке сұлу әрі мәңгі жас ханымдар мен Дженнифер Энистон енді.

Әлемнің ең мықты актрисаларының табысы жайында Sputnik фотолентасынан біле аласыздар.

© AP Photo / Jordan Strauss/InvisionРейтингіде көш бастап тұрған Скарлетт Йоханссон. 2017 жылдың маусымы мен 2018 жылдың маусымы аралығында ол 40,5 миллион доллар табыс тапты. "Черная вдова" фильмінде кек алушылар жасағының орыс шпионы рөлін сомдаған актриса кірісін төрт есе арттырған.
Актриса Скарлет Йоханссон - Sputnik Қазақстан
1/10
Рейтингіде көш бастап тұрған Скарлетт Йоханссон. 2017 жылдың маусымы мен 2018 жылдың маусымы аралығында ол 40,5 миллион доллар табыс тапты. "Черная вдова" фильмінде кек алушылар жасағының орыс шпионы рөлін сомдаған актриса кірісін төрт есе арттырған.
© AFP 2024 / Jean-Baptiste Lacroix Брэд Питтен ажырасамын деп басы дауға қалғанына қарамастан, көркіне көз тоймайтын сұлу актриса Анджелина Джоли ерекше рөлдерімен көрерменін қуантуын жалғастырып келеді. Ол "Малефисента-2" және басқа да фильмдерінің арқасында 28 миллион доллар қаражат тапқан.
Анджелина Джоли - Sputnik Қазақстан
2/10
Брэд Питтен ажырасамын деп басы дауға қалғанына қарамастан, көркіне көз тоймайтын сұлу актриса Анджелина Джоли ерекше рөлдерімен көрерменін қуантуын жалғастырып келеді. Ол "Малефисента-2" және басқа да фильмдерінің арқасында 28 миллион доллар қаражат тапқан.
© AP Photo / Jordan Strauss/InvisionЖайсаң мінезді Дженнифер Энистон бір жыл ішінде бір саты төмендеп, үшінші орынға табан тіреді. Актрисаның кірісі – 19,5 миллион доллар.
Дженнифер Энистон - Sputnik Қазақстан
3/10
Жайсаң мінезді Дженнифер Энистон бір жыл ішінде бір саты төмендеп, үшінші орынға табан тіреді. Актрисаның кірісі – 19,5 миллион доллар.
© AP Photo / Joel C Ryan/InvisionТізімде төртінші орынға іліккен - Дженнифер Лоуренс (18 миллион доллар). Жұлдыз әртүрлі жанрдағы фильмдерге жиі түсіп, барша жұртты тәнті етіп келеді.
Дженнифер Лоуренс - Sputnik Қазақстан
4/10
Тізімде төртінші орынға іліккен - Дженнифер Лоуренс (18 миллион доллар). Жұлдыз әртүрлі жанрдағы фильмдерге жиі түсіп, барша жұртты тәнті етіп келеді.
© AP Photo / Jordan Strauss/InvisionГолливудтың аққұба сұлуы Риз Уизерспун 16,5 миллион доллар табысымен 5-орында тұр.
Риз Уизерспун - Sputnik Қазақстан
5/10
Голливудтың аққұба сұлуы Риз Уизерспун 16,5 миллион доллар табысымен 5-орында тұр.
© AP Photo / Willy Sanjuan/InvisionКөрермен көзайымына айналған Мила Кунис бір жыл ішінде 16 миллион доллар тауып, 6-орын иеленді.
Мила Кунис - Sputnik Қазақстан
6/10
Көрермен көзайымына айналған Мила Кунис бір жыл ішінде 16 миллион доллар тауып, 6-орын иеленді.
© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуӘлемдік кинематограф басын иетін үздік актриса Джулия Робертс 13 миллион доллар кірісінің арқасында жетінші орын алды.
Актриса Джулия Робертс - Sputnik Қазақстан
7/10
Әлемдік кинематограф басын иетін үздік актриса Джулия Робертс 13 миллион доллар кірісінің арқасында жетінші орын алды.
© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуЕшқашан қартаймайтын Кейт Бланшетт 12,5 миллион доллар табыс тауып, 8-орынға ие болды.
Актриса Кейт Бланшетт - Sputnik Қазақстан
8/10
Ешқашан қартаймайтын Кейт Бланшетт 12,5 миллион доллар табыс тауып, 8-орынға ие болды.
© AFP 2024 / VALERIE MACONКомедиялық фильмдердің жұлдызы Мелисса МакКарти бір жыл ішінде төртінші орыннан тоғызыншы орынға бір-ақ сырғыды. Биылғы кірісі – 12 миллион доллар.
Мелисса МакКарти - Sputnik Қазақстан
9/10
Комедиялық фильмдердің жұлдызы Мелисса МакКарти бір жыл ішінде төртінші орыннан тоғызыншы орынға бір-ақ сырғыды. Биылғы кірісі – 12 миллион доллар.
© AP Photo / Jordan Strauss/Invision/Тізімдегі соңғы сатыда рейтингіге алғаш еніп отырған – Израиль актрисасы әрі модель Галь Гадот. "Ғажайып әйел" блокбастерінің жұлдызы биыл 10 миллион доллар табыс тапқан екен.
Галь Гадот - Sputnik Қазақстан
10/10
Тізімдегі соңғы сатыда рейтингіге алғаш еніп отырған – Израиль актрисасы әрі модель Галь Гадот. "Ғажайып әйел" блокбастерінің жұлдызы биыл 10 миллион доллар табыс тапқан екен.
Жаңалықтар
0