Бай әрі сұлу: Голливудтың ең үздік актрисалары қанша табыс табады?
Бай әрі сұлу: Голливудтың ең үздік актрисалары қанша табыс табады?
Sputnik Қазақстан
Бұл кино жұлдыздарының есімін білмейтін жан кемде-кем. Олар түскен фильмдерді көру үшін кинозалға халық лық тола жиналып, мыңдаған табынушылары жеке өмірлерін... 28.08.2018, Sputnik Қазақстан
Бұл кино жұлдыздарының есімін білмейтін жан кемде-кем. Олар түскен фильмдерді көру үшін кинозалға халық лық тола жиналып, мыңдаған табынушылары жеке өмірлерін қалт жібермей отырады
Голливудтың ақылына көркі сай сұлулары Forbes журналы бойынша ең табысы мол актрисалар рейтингісіне енді. Олар асқан дарыны мен сомдаған үздік рөлдерінің арқасында ақшаны күреп тауып жүр.
ТОП-10 рейтингісіне кімдер енді? Бірінші орында — Скарлетт Йоханссон. "Мстители" жаңа фильміндегі "Черная вдова" рөлі актрисаның табысын төрт еселеген.
Үздік үштікке сұлу әрі мәңгі жас ханымдар Анджелина Джоли мен Дженнифер Энистон енді.
Әлемнің ең мықты актрисаларының табысы жайында Sputnik фотолентасынан біле аласыздар.
Рейтингіде көш бастап тұрған Скарлетт Йоханссон. 2017 жылдың маусымы мен 2018 жылдың маусымы аралығында ол 40,5 миллион доллар табыс тапты. "Черная вдова" фильмінде кек алушылар жасағының орыс шпионы рөлін сомдаған актриса кірісін төрт есе арттырған.
Брэд Питтен ажырасамын деп басы дауға қалғанына қарамастан, көркіне көз тоймайтын сұлу актриса Анджелина Джоли ерекше рөлдерімен көрерменін қуантуын жалғастырып келеді. Ол "Малефисента-2" және басқа да фильмдерінің арқасында 28 миллион доллар қаражат тапқан.
Тізімдегі соңғы сатыда рейтингіге алғаш еніп отырған – Израиль актрисасы әрі модель Галь Гадот. "Ғажайып әйел" блокбастерінің жұлдызы биыл 10 миллион доллар табыс тапқан екен.