14:23 06 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD436.29
  • EUR492.83
  • RUB5.92
Инфографика

2022 жылғы демалыс және мереке күнтізбесі

Қысқа сілтеме алу
5633 0 0
2022 жылғы демалыс және мереке күнтізбесі
© Sputnik

2022 жылы қазақстандықтар қалай демалады, мереке күндеріне қанша демалыс түсіп тұрғанын Sputnik Қазақстан инфографикасынан оқыңыз

Қазақстандықтар 2022 жылға жұмысы, демалысы мен еңбек демалысын  жоспарлай беруіне болады. Sputnik Қазақстан келесі жылдың мерекелер күнтізбесімен танысуды ұсынады.

Ең ұзақ демалыс 2022 жылдың наурызында болмақ. Бұл кезде Қазақстан халқы Наурыз мерекесін тойлайды. Сондықтан қазақстандықтар 19-23 наурыз аралығында демалады.

Жаңы жылда қзақстандықтар төрт күн – 1-4 қаңтар аралығында демалады.

Халықаралық әйелдер күніндегі демалыс үш күнге – 6, 7, және 8 наурыз аралығында созылады.

Мамыр да қосымша демалыс тарту етеді: Қазақстан халқының бірлігі күні – 1-2 мамыр, Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр және Жеңіс күні – 9 мамыр. Бұл күндері отандастарымыз төрт күн қатарынан – 7, 8, 9, 10 мамырда демалады.

2022 жылдың шілдесінде астана күні тойланады. Ал бұл дата сәрсенбіге түсіп тұрғандықтан, 6 шілдеде ғана бір күн демалыс болады.

Құрбан айт 9-10 шілдеге сәйкес келіп тұр. Әйтсе де нақты күні әзірше белгіленген жоқ.

Конституция күнінде қазақстандықтар демалыс күнін ауыстырудың арқасында үш күн қатарынан – 28, 29, және 30 тамызда демалады.

Келесі қосымша демалыс күндері тек желтоқсанда болады.

Қазақстанның Тұңғыш президенті күні – 1 желтоқсан (бұл күн бейсенбіге дөп түскендіктен, мереке күні ауыстырылмайды), Тәуелсіздік күнінің құрметіне қазақстандықтар қатарынан төрт күн – 16, 17, 18, 19 желтоқсанда демалады.

Еске салсақ, үкімет 2022 жылдың 5 наурызындағы сенбі демалысын 2022 жылдың 7 наурызына, 2022 жылдың 27 тамызындағы сенбі демалысын 2022 жылдың 29 тамызына ауыстыру туралы қаулы шығарды.

Елдегі ұлттық және мемлекеттік мереке күндері ресми түрде демалыс болып жарияланады. Демалыс және мереке күні бір күнге түссе, мереке күнінен кейінгі жұмыс күні демалыс болып белгіленеді.

Оқи отырыңыз:

 

 

 

Кілт сөздер:
демалыс, 2022 жыл, мереке, күнтізбе
Загрузка...

  • Зейнетақы қорындағы ақшаны қалай алуға болады - 2022
    Последнее обновление: 17:20 03.12.2021
    17:20 03.12.2021

    Зейнетақы жинағының жеткілікті шегі қалай өзгерді

    2022 жылы зейнетақы қорынан мерзімінен бұрын ақшаны алудың шарттары қандай, ең төменгі жеткілікті шек қалай өзгерді, зейнетақы жинағын қандай мақсатқа жұмсауға болады - Sputnik Қазақстан инфографикасынан оқыңыз.

    86
  • Қазақстандықтардың табысы қанша
    Последнее обновление: 20:23 24.11.2021
    20:23 24.11.2021

    Қазақстандықтардың табысы қанша

    Қазақстандықтар қай өңір мен қай салада қанша табыс табатынын, сондай-ақ ең төмен жалақы қай салада екенін Sputnik Қазақстан инфографикасынан оқыңыз

    147
  • COVID-ке қарсы қайта вакциналау туралы не білу керек
    Последнее обновление: 19:45 12.11.2021
    19:45 12.11.2021

    Қайта вакциналау туралы не білу керек

    Қазақстандықтар қашан қайта вакциналаудан өтеді және екпені ең алдымен кімдерге салады – толығырақ Sputnik Қазақстан инфографикасынан оқи аласыздар

    134
  • Қазақстанда көмір бағасы қанша
    Последнее обновление: 09:00 07.11.2021
    09:00 07.11.2021

    Қазақстанда көмір бағасы қанша

    Көмір өндіру бойынша Қазақстанның қай өңірі көш бастап тұр және бір жыл ішінде көмір қаншалықты қымбаттады – осы туралы Sputnik Қазақстан инфографикасынан оқи аласыздар.

    166

Басты тақырып