Қазақстандықтар 2022 жылға жұмысы, демалысы мен еңбек демалысын жоспарлай беруіне болады. Sputnik Қазақстан келесі жылдың мерекелер күнтізбесімен танысуды ұсынады.
Ең ұзақ демалыс 2022 жылдың наурызында болмақ. Бұл кезде Қазақстан халқы Наурыз мерекесін тойлайды. Сондықтан қазақстандықтар 19-23 наурыз аралығында демалады.
Жаңы жылда қзақстандықтар төрт күн – 1-4 қаңтар аралығында демалады.
Халықаралық әйелдер күніндегі демалыс үш күнге – 6, 7, және 8 наурыз аралығында созылады.
Мамыр да қосымша демалыс тарту етеді: Қазақстан халқының бірлігі күні – 1-2 мамыр, Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр және Жеңіс күні – 9 мамыр. Бұл күндері отандастарымыз төрт күн қатарынан – 7, 8, 9, 10 мамырда демалады.
2022 жылдың шілдесінде астана күні тойланады. Ал бұл дата сәрсенбіге түсіп тұрғандықтан, 6 шілдеде ғана бір күн демалыс болады.
Құрбан айт 9-10 шілдеге сәйкес келіп тұр. Әйтсе де нақты күні әзірше белгіленген жоқ.
Конституция күнінде қазақстандықтар демалыс күнін ауыстырудың арқасында үш күн қатарынан – 28, 29, және 30 тамызда демалады.
Келесі қосымша демалыс күндері тек желтоқсанда болады.
Қазақстанның Тұңғыш президенті күні – 1 желтоқсан (бұл күн бейсенбіге дөп түскендіктен, мереке күні ауыстырылмайды), Тәуелсіздік күнінің құрметіне қазақстандықтар қатарынан төрт күн – 16, 17, 18, 19 желтоқсанда демалады.
Еске салсақ, үкімет 2022 жылдың 5 наурызындағы сенбі демалысын 2022 жылдың 7 наурызына, 2022 жылдың 27 тамызындағы сенбі демалысын 2022 жылдың 29 тамызына ауыстыру туралы қаулы шығарды.
Елдегі ұлттық және мемлекеттік мереке күндері ресми түрде демалыс болып жарияланады. Демалыс және мереке күні бір күнге түссе, мереке күнінен кейінгі жұмыс күні демалыс болып белгіленеді.
Оқи отырыңыз:
- Вице-министр оқушылардың күзгі демалысына қатысты ақпаратты бөлісті
- Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін
- 2022 жылдың демалыс күндері ауыстырылды