06:58 27 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Инфографика

2021 жылы жүргізуші куәлігін алу қанша тұрады

Қысқа сілтеме алу
706520
Паспорт, жеке және жүргізуші куәлігі: 2021 жылы құжат алу қанша тұрады
© Sputnik

Қазақстанда құжат алу үшін мемлекеттік баж төлеу керек, ал мемлекеттік баж жыл сайын өзгеретін айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне (АЕК) байланысты

2021 жылы айлық есептік көрсеткіш 2 917 теңгеге дейін өсті.

Паспорт пен жеке куәлік алу қанша тұрады

Паспорт алуға мемлекеттік баж салығы – 8 АЕК немесе 23 336 теңге.

Жеке куәлік – 0,2 АЕК немесе 583,4 теңге.

Әдетте құжаттарды алу мерзімі  - 15 күн. Бірақ қосымша ақы төлеп, құжаттарды жедел алуға болады.

Туу туралы куәлік

Қазақстанда туу туралы куәлік баланы тіркеу кезінде тегін беріледі.

Акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету және қалпына келтіру – 0,5 АЕК немесе 1 458,5 теңге.

еGov мәліметіне сәйкес, баланың туғанын тіркеу қызметін ұсыну мерзімі – екі жұмыс күні, қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – жеті жұмыс күні.

Қажет болған жағдайда басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу – 30 күнтізбелік күннен аспайды.

Жүргізуші куәлігін алу қанша тұрады

Жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баж салығы – 1,25 АЕК немесе 3 646 теңге.

Неке қию және ажырасу

Неке қию құны – 1 АЕК немесе 2 917 теңге.

Ажырасуға өтініш беру – 2 АЕК немесе 5 834 теңге.

Кілт сөздер:
жеке куәлік, құжаттар, 2021 жыл, жүргізуші куәлігі
Загрузка...

  • Діни мерекелер күнтізбесі - 2021
    Последнее обновление: 17:49 25.01.2021
    17:49 25.01.2021

    Діни мерекелер күнтізбесі - 2021

    2021 жылы барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы қашан басталады? Ораза айт және Құрбан айт мерекелері қай күндері тойланады? Қадір түні қай күнге түсіп тұр? Осы сұрақтардың жауабын Sputnik Қазақстан инфографикасынан таба аласыздар

    220
  • Үкіметтің жаңа құрамы
    Последнее обновление: 12:21 19.01.2021
    12:21 19.01.2021

    Қазақстан үкіметінің жаңа құрамы

    Дүйсенбі, 18 қаңтарда Қазақстан үкіметінің жаңа құрамы белгілі болды. Кім өз орнын сақтап қалғанын және кім жаңа министр болғанын Sputnik Қазақстан инфографикасынан біліңіз.

    102
  • Парламент мәжілісінің жаңа құрамы
    Последнее обновление: 09:21 15.01.2021
    09:21 15.01.2021

    Парламент мәжілісінің жаңа құрамы

    12 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясы үш партияның қанша мандат алғанын жариялады. "Nur Otan" партиясы – 76 мандат, "Ақ жол" демократиялық партиясы – 12 мандат, ал Қазақстанның халық партиясы 10 мандат алды

    59
  • Сайлау-2021 қорытындысы
    Последнее обновление: 16:16 11.01.2021
    16:16 11.01.2021

    Мәжіліс сайлауының қорытындысы

    Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісі сайлауының алдын ала қорытындысын жария етті

    91

Басты тақырып