Инфографика

2021 жылы жүргізуші куәлігін алу қанша тұрады

Жазылу
Қазақстанда құжат алу үшін мемлекеттік баж төлеу керек, ал мемлекеттік баж жыл сайын өзгеретін айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне (АЕК) байланысты

2021 жылы айлық есептік көрсеткіш 2 917 теңгеге дейін өсті.

Паспорт пен жеке куәлік алу қанша тұрады

Паспорт алуға мемлекеттік баж салығы – 8 АЕК немесе 23 336 теңге.

Жеке куәлік – 0,2 АЕК немесе 583,4 теңге.

Әдетте құжаттарды алу мерзімі  - 15 күн. Бірақ қосымша ақы төлеп, құжаттарды жедел алуға болады.

Туу туралы куәлік

Қазақстанда туу туралы куәлік баланы тіркеу кезінде тегін беріледі.

Акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету және қалпына келтіру – 0,5 АЕК немесе 1 458,5 теңге.

еGov мәліметіне сәйкес, баланың туғанын тіркеу қызметін ұсыну мерзімі – екі жұмыс күні, қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – жеті жұмыс күні.

Қажет болған жағдайда басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу – 30 күнтізбелік күннен аспайды.

Жүргізуші куәлігін алу қанша тұрады

Жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баж салығы – 1,25 АЕК немесе 3 646 теңге.

Неке қию және ажырасу

Неке қию құны – 1 АЕК немесе 2 917 теңге.

Ажырасуға өтініш беру – 2 АЕК немесе 5 834 теңге.

Жаңалықтар
0