10:08 25 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.01
  • EUR509.94
  • RUB5.91
Инфографика

Ағза донорлығы: қалай келісім беруге немесе бас тартуға болады?

Қысқа сілтеме алу
87 0 0
Ағза донорлығы: қалай келісім беруге немесе бас тартуға болады?
© Sputnik

Қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қатысты нормалар Қазақстанның жаңа денсаулық сақтау кодексінде жазылған. Келісім беру немесе келісімнен бас тартуды қалай рәсімдеуге болатынын білу үшін Sputnik Қазақстан инфографикасын көріңіз

Кодекске сәйкес, тірі кезінде өз ағзаларын алуға тыйым салмаған әрбір қазақстандық қайтыс болғаннан кейін әлеуетті донор болып саналады.

Қайтыс болған адам тірі кезінде донор болуға келісетінін немесе келіспейтінін рәсімдеуге үлгермесе, онда оның ағзасын алу үшін жұбайының немесе жақын туыстарының рұқсаты қажет.

Қазақстандықтар қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісетінін немесе бас тартатынын egov.kz электронды үкімет порталында рәсімдей алады. Ол үшін ЭЦҚ немесе бір реттік пароль арқылы кіріп, "Денсаулық сақтау" бөлімінде "Трансплантациялау мақсатында тіндерді (тіндердің бөліктерін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) қайтыс болғаннан кейін ерікті түрде донорлыққа беру туралы келісімді немесе келісімнен бас тартуды тіркеу" қызметін таңдау қажет. Осыдан кейін өтінімнің түрі таңдалады. Олар: "Келісімнен бас тартуды тіркеу" немесе "Келісім беруді тіркеу".

Егер адам трансплантацияға келіссе, ол донорлыққа беретін ағзаларды таңдай алады, оны өтініш жазған кезде көрсету қажет.

Бұған дейін хабарланғандай, қазақстандықтар екі күн ішінде электронды үкімет порталында қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім беру немесе одан бас тарту туралы 500-ге жуық өтініш берген. Олардың көпшілігі, яғни 400 адам донорлықтан бас тартса, 60-қа тарта адам келісімін берді.

Загрузка...

  • Еуропа чемпионаты – 2020: үшінші турдың кестесі
    Последнее обновление: 13:00 21.06.2021
    13:00 21.06.2021

    Еуропа чемпионаты – 2020: үшінші турдың кестесі

    Жиырмасыншы маусымда Еуро 2020/2021 чемпионатының үшінші туры басталды. Римде Италия – Уэльс пен Бакуде Швейцария – Түркия кездесуі өтті

    131
  • Футболдан Еуропа чемпионаты – 2020: екінші турдың кестесі
    Последнее обновление: 14:00 15.06.2021
    14:00 15.06.2021

    Еуропа чемпионаты – 2020: екінші турдың кестесі

    16 маусымда Еуро 2020/2021 ойындарының екінші туры басталады. Оны Финляндия – Ресей ойыны ашады, ол Санкт-Петербургта "Газпром Аренада" өтеді

    99
  • Еуро-2021: ойын кестесі
    Последнее обновление: 17:24 09.06.2021
    17:24 09.06.2021

    Еуро-2021: ойын кестесі

    Еуропаның футболдан он алтыншы чемпионаты 2021 жылдың 11 маусымы мен 11 шілдесі аралығында континенттің он бір қаласында өтеді. Sputnik Қазақстан футболдан бас доданың бірінші турындағы матчтардың кестесін жариялайды

    253
  • ҰБТ-2021: не білу керек
    Последнее обновление: 17:50 28.05.2021
    17:50 28.05.2021

    ҰБТ-2021: не білу керек?

    2021 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) 6 мамыр мен 30 маусым аралығында өтеді. Алғаш рет түлектер сынақты электронды форматта тапсырады

    247

Басты тақырып