Инфографика

Ағза донорлығы: қалай келісім беруге немесе бас тартуға болады?

Жазылу
Қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қатысты нормалар Қазақстанның жаңа денсаулық сақтау кодексінде жазылған. Келісім беру немесе келісімнен бас тартуды қалай рәсімдеуге болатынын білу үшін Sputnik Қазақстан инфографикасын көріңіз

Кодекске сәйкес, тірі кезінде өз ағзаларын алуға тыйым салмаған әрбір қазақстандық қайтыс болғаннан кейін әлеуетті донор болып саналады.

Қайтыс болған адам тірі кезінде донор болуға келісетінін немесе келіспейтінін рәсімдеуге үлгермесе, онда оның ағзасын алу үшін жұбайының немесе жақын туыстарының рұқсаты қажет.

Қазақстандықтар қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісетінін немесе бас тартатынын egov.kz электронды үкімет порталында рәсімдей алады. Ол үшін ЭЦҚ немесе бір реттік пароль арқылы кіріп, "Денсаулық сақтау" бөлімінде "Трансплантациялау мақсатында тіндерді (тіндердің бөліктерін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) қайтыс болғаннан кейін ерікті түрде донорлыққа беру туралы келісімді немесе келісімнен бас тартуды тіркеу" қызметін таңдау қажет. Осыдан кейін өтінімнің түрі таңдалады. Олар: "Келісімнен бас тартуды тіркеу" немесе "Келісім беруді тіркеу".

Егер адам трансплантацияға келіссе, ол донорлыққа беретін ағзаларды таңдай алады, оны өтініш жазған кезде көрсету қажет.

Бұған дейін хабарланғандай, қазақстандықтар екі күн ішінде электронды үкімет порталында қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім беру немесе одан бас тарту туралы 500-ге жуық өтініш берген. Олардың көпшілігі, яғни 400 адам донорлықтан бас тартса, 60-қа тарта адам келісімін берді.

Жаңалықтар
0