Оқиға

Шымкентте тергеуге кірген ер адам қайтыс болды: қала әкімі түсініктеме берді

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуТюрьма, иллюстративное фото
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2021
Жазылу
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ішкі істер министрлігі арнайы комиссия жіберді
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов полиция департаменті ғимаратында жауап алу кезінде көз жұмған ер адамның өліміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
8 желтоқсанда Шымкент полиция департаментінің ғимаратында 1990 жылғы ер адам тергеу кезінде көз жұмған. Ол автокөлік айдап әкетті деген күдікпен жауап алу үшін полицияға жеткізілген.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер Шымкент әкімінен оқиғаның мән-жайы туралы сұрады.
"Өкінішке қарай, осындай факті тіркелді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ішкі істер министрлігі арнайы комиссия жіберді. Қазір тергеу жүріп жатыр. Бүгін мәйітті сойып тексереді. Оның өліміне не себеп болғаны тек соның және тергеу қорытындысы бойынша анықталады", - деді Әйтенов.
Айтуынша, тергеуге жеткізілген адам жауап алу кезінде өзін нашар сезінген. Қызметкерлер бірден жедел жәрдем шақырған, бірақ ол дәрігерлер келгенше қайтыс болды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
0