Өңірлер

Оралда өгей әкесін өлтіргені үшін сотталған оқушы қыздың мәйіті табылды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуАрхивное фото тюрьмы
Архивное фото тюрьмы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бойжеткен 3,5 ай өмірін темір тордың арғы жағында өткізді, қазаға не себеп болғанын Орал қалалық полиция басқармасы анықтап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында 8 мамырда абақтыдан он жеті жасар қыздың мәйіті табылды, деп хабарлады өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

10-сынып оқушысы 2020 жылы қаңтарда өгей әкесін өлтіргені үшін 9 жылға сотталған. Бойжеткен 3,5 айды темір тордың арғы жағында өткізді.

"8 мамырда сағат 15.30-да тергеу изоляторының қызметкерлері камерада тіршілік белгісі байқалмаған денені тапты. Өлер алдындағы хаты табылған жоқ", - деп хабарлады қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Өлімге суицид себеп болуы мүмкін деген болжам жасалып жатыр.

Дереу жедел жәрдем бригадасы, Орал қалалық полиция басқармасының жедел тергеу тобы, прокуратура өкілі, сонымен қатар "Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы" қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан филиалының басшысы шақырылды.

"Тексеру кезінде дене жарақаты болған жоқ. Өлімге механикалық тұншығу себеп болған. Марқұмның денесі туыстарына берілді", - деп нақтылады баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Орал қалалық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Оныншы сынып оқушысы не үшін сотталды

2019 жылдың тамызында Ирина Л. мен оның 19 жастағы танысы Максот қыздың өгей әкесін өлтірді.

Соттың мәліметінше, өлген ер адам қыздың анасы мен кәмелетке толмаған сіңлісін мазақ еткен. Мас күйінде әйел мен қызды ұрып-соғып, үйден қуып жіберген.

Далада қалған ана үлкен қызын шақырады, полицияға хабарласпаған.

Ирина жігітімен бірге ер адамның сазайын тарттыруды ұйғарған. Олар жанжалқойды балтамен, шалғымен ұрып-соққан. Ол алған жарақатынан көз жұмған.  

Қаңтарда жігіт пен қыз Қазақстан қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 7-тармағы бойынша кінәлі деп танылды.

Максот 15 жылға сотталды. Ирина 9 жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеп жатқан.

Жаңалықтар
0