18:59 30 Қараша 2021
Тікелей эфир
  • USD433.74
  • EUR489.52
  • RUB5.78
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
117 0 0

Қарастырылып отырған бап бойынша кінәлі деп танылған адамға қатысты 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе дәл осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін

ПАВЛОДАР, 24 қараша — Sputnik. Павлодар тұрғыны көпқабатты үйдің ауласында аңшылық қарудан оқ атты, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

24 қараша түнгі 02.00-де Павлодар полициясына Павлов көшесіндегі №38 үйдің ауласында 40 жастағы ер адам көкке оқ атқаны туралы хабар түсті. 

Ол өзінің тіркеудегі 12-ші калибрлі MOSSBERG маркалы қаруын көшеге алып шыққан.

"Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қару алынды", - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Тұрғынға қатысты қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағына сәйкес ("атыс қаруын қолданумен жасалған бұзақылық") сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұл бап бойынша кінәлі деп танылған адам 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығы шектелуі немесе дәл осы мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сотқа дейінгі тергеу кезінде оқиғаның мән-жайы анықталатын болады.

Оқи отырыңыз: 

Тақырып бойынша

Шығыс Қазақстанда түнде жаппай төбелес болды – видео
Атырау облысындағы атыс: полиция күшейтілген режимге ауыстырылды
Павлодарда гараждан үш адамның мәйіті табылды
"Ысырапшылдық": Павлодарда жаңа жылды тойлауға бөлінген қаржы тұрғындар талқысына түсті
Павлодарда колледждің бас бухгалтері 26 млн теңге ұрлаған – сот үкімі шықты
Кілт сөздер:
Павлодар, тұрғын, көрші
Загрузка...

Басты тақырып