03:01 01 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD434.16
  • EUR493.29
  • RUB5.81
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
9423 0 0

Қылмыстық кодекстің "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Алматыда жас әйел үш кішкентай баласымен бірге көппәтерлі тұрғын үйдің тоғызыншы қабатынан секіріп кетті. Төртеуі де көз жұмды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Трагедия "Жетісу" шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. 28 жастағы әйел 2015, 2016 және 2019 жылғы балаларымен бірге 9-шы қабаттан секіріп кетті.

"Келіншек пен екі бала оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды", - делінген хабарламада.

Оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау үшін Алматының полиция департаментінде жедел тергеу тобы құрылды.

Бұл факті Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.

Оқи отырыңыз: 

Кілт сөздер:
Алматы, келіншек, бала, биіктен секіру
Загрузка...

Басты тақырып