02:24 01 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD434.16
  • EUR493.29
  • RUB5.81
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
636 0 0

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Сондай-ақ тұрғын үйлерге де қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлады құтқарушылар

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Алматы облысы Жамбыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі Книжевск су қоймасында бөгет бұзылғаннан кейін жағдай не болып жатқанын айтты.

22 қараша сағат 7:30-дағы мәлімет бойынша, Мыңбаев ауылындағы бөгетте су деңгейі төмендеді.

"Су бұзылған бөгеттен ағып жатыр. Оның ені 4 метр. Ағып жатқан судың көлемі 5-6 куб метр. Сонымен қатар облыстық маңызы бар жол арқылы да су ағып жатыр. Ағынды судың тереңдігі 5 сантиметр, енді 30 метр. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Сондай-ақ тұрғын үйлерге де қауіп төніп тұрған жоқ. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Су деңгейі төмендеді", - деді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Айбек Жанаев.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылының маңында орналасқа Книжевск су қоймасы бөгетінде жарық пайда болғаны туралы хабарлады.

Бөгет 21 қарашада сағат 23.13-те бұзылған.

Оқи отырыңыз: 

Алматы облысында су бөгеті бұзылды

Сырдария ахуалы мен Аралдағы қуаңшылық: Әбдіқалықова өңірде не істеліп жатқанын айтты

Кілт сөздер:
Алматы облысы, су, бөгет, видео
Загрузка...

Басты тақырып