03:59 01 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD434.16
  • EUR493.29
  • RUB5.81
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
106 0 0

Бөгеттің жарылуы салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ тұрғын үйлерді су басу қаупі де жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылының маңында орналасқа Книжевск су қоймасы бөгетінде жарық пайда болғаны туралы хабарлады.

Бөгет 21 қарашада сағат 23.13-те бұзылды. Бөгеттегі ойықтың ені 5-6 метр, секундына шамамен 30 текше метр су ағып жатыр.

Су Қарғалы өзенінің арнасына құйылып, одан әрі Іле ауданындағы Куртинское су қоймасына құяды.

Прорыв плотины в Алматинской области
© Photo : МЧС РК
Алматы облысындағы су қоймасында бөгет жарылды

"Бөгеттің бұзылуы салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Облыстық маңызы бар "Мыңбаев-Қасымбек" тас жолын су шайып кетті. Полиция қызметкерлері жолдағы қозғалысты шектеу үшін бекеттер қойды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аққан судың көлемі төмендеп жатыр. Қарғалы өзенінің арнасы бойынша бақылау жүргізіледі..

Апат орнында Алматы облысы ТЖД бастығы бастаған төтенше жағдайлар бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және басқа да мүдделі қызметтер жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдайды жою штабы құрылды.

Оқи отырыңыз: 

 

Кілт сөздер:
су, бөгет, Алматы облысы
Загрузка...

Басты тақырып