Оқиға

Honda мен Mitsubishi бетпе-бет соқтығысты – жол апатының фотосы тарады

© Photo : Rico_LoebЗнак аварийной остановки на дороге
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2021
Жазылу
53 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды, тағы үш адам жарақат алды

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Алматы облысында екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Криспи | Алматы (@kris_p_original)

Жол апаты Алматы-Бішкек тасжолының 128 шақырымында болған. Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген фотолар тарады.

Облыстық полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, жол апатынан 53 жастағы әйел көз жұмды. Екі жүргізуші мен бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.

"Honda Odyssey мен Mitsubishi Galant бетпе-бет соқтығысты. Алдын ала ақпарат бойынша Honda-ның 37 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып, Mitsubishi-мен соқтығысқан", - дейді полицейлер.

Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-тармағы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан жол жүру немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Бұл бап белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0