03:17 30 Қараша 2021
Тікелей эфир
  • USD433.74
  • EUR489.52
  • RUB5.78
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
180 0 0

Сергейдің ата-анасының мектеп басшылығына, сондай-ақ куратор мен психологқа шағымдары жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Алматыда Назарбаев зияткерлік мектебінің өзіне қол солған оқушысының әкесі қазақстандықтарға өтініш білдірді.

8-сынып оқушысы Сергей Кимнің әкесі Виктор Ким Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің басшылығына мәлімдеме жасап, отбасында болған қайғылы жағдайға, туыстары мен жақындарының көңіліне түсіністікпен қарауды сұрайды, деп жазды Назарбаев зияткерлік мектебінің сайты.

"Менің ұлымның атын пайдаланбауды және әлеуметтік желілердегі кез-келген іс-шараларды, акциялар мен жазбаларды, соның ішінде юбка киюді насихаттауды тоқтатуыңызды сұраймын", - деп жазды Виктор Романович.

Ондағы мәліметке сәйкес, отбасы оқушыға қысым көрсету және оның психологиялық мәселелері туралы барлық болжамдар мен айыптаулардың шындыққа сәйкес келмейтінін атап өтті, Сергейдің ата-анасының мектеп басшылығына, сондай-ақ куратор мен психологқа шағымдары жоқ.

"Қазіргі уақытта  тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы кәмелетке толмаған баланың мүддесі үшін қосымша ақпарат жариялап, кеңейтілген түсініктеме бермейді", - делінеген сайтта.

Оқушының өзіне қол салуы 

Қайғылы оқиға 27 қазанда болған. Ал мектеп мұның сабақтан тыс уақытта болғанын хабарлады.

Мессенджерде тараған ақпаратқа сәйкес, 8-сынып оқушысы мұндай әрекетке мектеп психологымен болған әңгімеден кейін барған.

Полиция департаменті оқушы өз үйінің 11-қабатынан секіріп кеткенін растады.

Бұл факті Бостандық ауданының полиция басқармасында қылмыстық кодекстің 105-бабы ("өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізімінде тіркелді.

Мессенджерде тараған ақпаратқа сәйкес, сәрсенбіде оқушы Гарри Потер стилінде киінген, ол әзіл үшін белдемше таққан. Оған кураторы дауыс көтеріп, күштеп психологқа апарған. Бала психологпен әңгімеден кейін терезеден секіріп кеткен.

Назарбаев зияткерлік мектебінің әкімшілігі де оқушының суицид жасағанын растады. Алайда оқушы мен психологқа қатысты жағдайға қатысты пікір білдірмеді.

Оқи отырыңыз: 

Тақырып бойынша

Балалар арасындағы суицид пен әлімжеттік: мәжілісте заң жобасы мақұлданды
Өз кеудесіне екі рет оқ атқан: анасы әскердегі ұлының суицид жасағанына сенбейді
Балиева: балалар арасында суицид деңгейі төмендеп келеді
"Ешқандай эмоция болмайды": суицид жасайтын баланы қалай анықтауға болады
Кілт сөздер:
суицид, Алматы, оқушы, Назарбаев зияткерлік мектебі
Загрузка...

Басты тақырып