НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Алматыда Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы өзіне қол салғаннан кейін бірқатар мектептің оқушылары 29 қазан күні наразылық акциясын ұйымдастырды.
Әлеуметтік желіде жасөспірім мектепте өткен шараға белдемшемен келгені, осыдан кейін оны психологқа апарғаны туралы ақпарат тарады.
Наразылық акциясын ұйымдастырған оқушылар сексизмге қарсы екенін білдіруде.
"Мектеп кураторының юбка киіп келгені үшін ұл баланы күзгі балға жібермеуі – барып тұрған сексизм. Содан кейін оны күштеп мектеп психологына апарған. Ал сыныптастары оған болысқанда, әрбірінің аты-жөнін сұрап, "күнәһарды" қолдағаны үшін тәртіптік жазаға тартамын деп қорқытады", - деп жазды акция ұйымдастырушыларының бірі Instagram аккаунтында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сондай-ақ ол сториске юбка киген ұлдардың суретін жариялап, сенім телефоны нөмірімен қатар, "Сен қымбатсың. Үнсіз қалма" деп жазды.
Автор жазбаларының бірінде Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары суицидтен кейін мектепке белдемше киіп келгенін, алайда оқу мекемесінің әкімшілігі олардан юбканы шешуді талап еткенін мәлімдеді.
Еске салсақ, 27 қазанда Алматыда химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы көз жұмды.
Оқу мекемесі жазатайым оқиға сабақтан тыс уақытта болғанын мәлімдеді. Кейбір деректерге сүйенсек, ұл бала психологпен болған әңгімеден кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Полиция баланың қазасын растады, бірақ трагедияның мән-жайын нақтылаған жоқ.
Оқи отырыңыз: Алматыда Назарбаев мектебінің оқушысы өзіне қол салды – полиция түсініктемесі
Ал Назарбаев зияткерлік мектебінің өкілі Жанар Адамбаева оқу мекемесінде ешқандай акция өтпегенін айтты.
"Бүгін біздің мектепте Сергейді еске алу күні. Сондықтан мектепте бәрі тыныш. Балалар сабақта отыр. Бірақ біздің түсінуімізше, басқа мектептер акция ұйымдастырып, белдемшемен келген. Бізде мұндай болған жоқ", - деді ол Sputnik Қазақстанға.
"Мүмкін, біздің балалар түсінген шығар. Біз балалармен әңгімелестік, олар бұл белдемшенің бүкіл БАҚ үшін "қызыл шүберек" екенін түсінді, бәрі сол юбкаға жабысып алды... Ал ол оны бір минут қана киіп, күліп, әзілдеген соң, шешіп тастады, болды", - деді Жанар Адамбаева.
"Біз тіпті не болғанын білмейміз... Өйткені бала мектептен жақсы көңіл-күймен кетті, еш өкпе-реніші болған жоқ. Бұл оқиға сабақтан кейін болды. Балалар бұған белдемшенің еш қатысы жоқ екенін түсінді. Бірақ, өкінішке қарай, мұны бүкіл мектепке түсіндіре алмаймыз", - деді НЗМ өкілі.