Оқиға

Ақтөбе-Атырау пойызының жолсерігі соққыға жығылды

© Sputnik / Павел Львовжолсерік
жолсерік - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2021
Жазылу
Атырау станциясының полиция бөлімшесіне 51 жастағы жолсеріктен шағым түскен

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Атырау облысының тұрғыны Ақтөбе-Атырау пойызының жолсерігін соққыға жықты, деп хабарлады көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі.

Атырау станциясындағы полиция бөлімшесіне 51 жастағы жолсеріктен шағым түскен.

"Ер адам қызметін орындау кезінде соққыға жығылғанын айтты. Мүкір станциясында белгісіз адам оған дауыс көтеріп, ескертуден кейін жұдырық жұмсаған", - делінген хабарламада.

Полиция 24 жастағы Атырау тұрғынын ұстады.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 1-бабы 293-бөлімі (Бұзақылық) бойынша іс қозғалды.

Бұл бап бойынша ол 2000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу немесе 600 сағат түзеу жұмыстарын атқару немесе екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылады.

Жанжалдың шығу себебі айтылмаған.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0