Оқиға

Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апатынан мотоциклші көз жұмды – фото

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2021
Жазылу
Қайғылы оқиға елорданың оң жағалауында, Абылай хан даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында болды

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда жол апатынан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты.

© Sputnik / СтрингерЖантүршігерлік жол апаты
Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апатынан мотоциклші көз жұмды – фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2021
Жантүршігерлік жол апаты

Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, жол апаты 17 қазан сағат 16.54-те болды.

"Абылай хан даңғылымен келе жатқан Daewoo Nexıa автокөлігі Жансүгіров көшесімен қиылыста мотооциклмен соқтығысты. Салдарынан мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды", - делінген хабарламада.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерге мұқият болуды және жол қозғалысы ережелерін сақтауды ескертті.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0