Оқиға

Алматыда бассейннен шыққан 11 бала ауруханаға жеткізілді

© Photo : fietzfotosБассейн
Бассейн  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2021
Жазылу
Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 23 қыркүйек күні "Aquastars" спорт-сауықтыру кешеніне синхронды жүзу тобына 14 бала барғанын растады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Алматыда қаласында бассейнге түскен 11 бала хлордың буынан уланып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"11 баланы шұғыл медициналық жәрдем орталығына жеткізілді. Олар тамағы жыбырлап тұрғанын айтып, шағымданған. Бассейнге түскеннен кейін барлығы түшкіре бастады. 12-14 жастағы балалар хлордың буынан уланып қалған", - дейді денсаулық сақтау басқармасының мамандары.

Қазіргі кезде бәрінің жағдайы тұрақты. Салалық бөлімде ем-дом алып жатыр. Ал Алмалы ауданының санитар дәрігерлері тергеу шарасын бастады.

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 23 қыркүйек күні "Aquastars" спорт-сауықтыру кешеніне синхронды жүзу тобына 14 бала барғанын растады. Олардың ішінде 11 бала ауруханаға жеткізілді. Тергеудің алдын ала нәтижесі де бар.

"Бассейн қызметкерлері бір апта бұрын суды хлорлаудың жаңа аппараты орнатылғанын жеткізді. Дәл осы аппарат кенеттен істен шығып, хлор бассейн суына ағып кеткен", - деп атап көрсетті санитарлар.

Мамандар бассейндегі суды талдауға алды. Сондай-ақ, ауадағы хлордың мөлшеріне де зерттеу жасалады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0