Өңірлер

Алматы полициясы бассейндегі жыныстық қатынасқа қатысты шағымды тексерді – видео

© Photo : fietzfotosБассейн
Бассейн  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2021
Жазылу
Қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары ролик кейіпкерінің кешірім сұраған видеосын жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Алматылық полицейлер жігіт пен қыздың бассейнде жыныстық қатынасқа түскені жайлы тұрғындардың шағымын тексерді.  

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланып, көпшіліктің ашуын келтірген. 

Тәртіп сақшылары бұл фактіні тексеріп, тәртіп бұзушыларды ұстады. Олар бассейнде жыныстық қатынасқа түскенін жоққа шығарып отыр. Соған қарамастан жігіт ерсі қылығы үшін халықтан кешірім сұрады.

Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рүстем Әбдірахманов Instagram парақшасында ролик кейіпкерінің видеосын жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рустам Абдрахманов (@rustam.abdrakhmanov_)

 

Жаңалықтар
0