НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Қарағандыда құрылыс алаңдарының бірінде 20 жастағы жігіт тоғызыншы қабаттан құлап кетті. Қайғылы оқиға 18 қыркүйекте болды.
Қарағанды облысы полициясының баспасөз қызметі бұл фактіні растап, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.
"Тиісті сараптамалар жасалады. Тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады полиция.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп толықтырды ведомство.
Оқи отырыңыз:
- СҚО-да аяғына шеге кірген шетелдік көз жұмды
- Нұр-Сұлтанда салынып жатқан үйден құрылысшының мәйіті табылды
- Атырау облысында асфальт төсеу кезінде қайғылы оқиға болды