Өңірлер

СҚО-да аяғына шеге кірген шетелдік көз жұмды

CC0 / Sverige / Гвоздь
Гвоздь - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2021
Жазылу
Дәрігерлер "сіреспе" деген диагноз қойды. Науқасқа шұғыл екпе де салынды. Бірақ жағдайы өзгерген жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысындағы Новоишимское ауылында аяғына шеге кірген ер адам сіреспеден көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Петропавловск.news сайтына  сілтеме жасап.

54 жастағы ер адам Өзбекстаннан табыс табуға келген. Новоишимское ауылында үй салып жүргенде аяғына шеге кірді. Оны аудандық ауруханаға жеткізген. Бірақ ер адам қайтыс болды. Қазіргі кезде өлім себебі анықталып жатыр.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бастығының орынбасары Арман Күшбасовтың айтуынша, Өзбекстан азаматы 21 тамыз күні құрылыс жұмысын атқарып жүргенде тот басқан шеге оң аяғына кіріп кеткен.

"Ал 25 тамызда түнгі сағат 22:00-ден кейін басы кейкейіп, жағы құрысып қалды. Медициналық көмекке бірден жүгінген жоқ. 26 тамызда жедел медициналық жәрдем шақырылды. Оны аудандық ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер жақтың құрысып тұрғанын тіркеді. Бұдан бөлек, омыртқа бойымен қозғалыс жасау қабілеті қиындап кеткен. Әлсіздік болды", - дейді Күшбасов.

Дәрігерлер "сіреспе" деген диагноз қойды. Науқасқа шұғыл екпе де салынды. Бірақ жағдайы өзгерген жоқ. Екі күннен кейін қайтыс болды.

Айта кетері, сіреспе – бұл инфекциялық ауру. Бактериялар жара немесе тілік арқылы, тіпті, болмашы жара арқылы адам ағзасына кіреді де, жүйке жүйесін зақымдайды. Дегенмен, көбінесе, шеге мен өткір темір заттардан болатын жаралардан басталады. Алғашқы симптомдар 7-10 күнде байқалады. Алайда кей кезде одан да ерте сезілуі мүмкін. Негізгі белгілері – жақ сүйектің құрысып қалуы мен ауыздың ашылмауы.

Жаңалықтар
0