Оқиға

Алматыда бірнеше көлік жол апатына түсті

© Sputnik / СтрингерМассовое столкновение автомобилей в Алматы
Массовое столкновение автомобилей в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2021
Жазылу
Toyota Camry жол апатының алдын алу үшін үшін рөлді бұрып жіберіп, бар жылдамдықпен жол жиегінде тұрған Volkswagen Polo-ға соғылған

АЛМАТЫ, 16 қыркүйек – Sputnik. Алматыда Наурызбай батыр - Мәметова көшелерінің қиылысында үш көлік жол апатына ұшырады. Көліктердің бірінің жолаушысы зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

© Sputnik / СтрингерToyota Camry тұрақта тұрған бірнеше көлікке зақым келтірді
Алматыда бірнеше көлік жол апатына түсті - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2021
Toyota Camry тұрақта тұрған бірнеше көлікке зақым келтірді

Куәгерлер мен жүргізушінің айтуынша, Toyota Camry көлігі Наурызбай батырдың бойымен оңтүстік бағытта келе жатқан. Мәметова көшесіне жетпестен, белгісіз шетелдік көлік оның жолын кесіп өткен.

Соқтығысып қалмау үшін ол рөлді бұрып жіберген, содан Toyota Camry бар жылдамдықпен жол жиегінде тұрған Volkswagen Polo-ға соғылған. Осыдан кейін Toyota Camry көлігі сырғып барып, аударылып қалған.

© Sputnik / Абзал КалиевКөліктердің бірінің жолаушысы зардап шекті
Алматыда бірнеше көлік жол апатына түсті - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2021
Көліктердің бірінің жолаушысы зардап шекті

Volkswagen Polo автокөлігі алдындағы Toyota Gracia көлігін соққан.

Жол апаты салдарынан Toyota Camry жолаушысы жарақат алды. Ол жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Полиция қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтау үшін оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Оқи отырыңыз: 

Алматы көшелерінің бірінде жаяу жүргінші жолағы "жылжып" кетті 

Батыс Қазақстанда қыз алып қашқандар жантүршігерлік жол апатына ұшырады

Рудныйда КамАЗ бен Lada соқтығысты: әйел көз жұмды - видео

Жаңалықтар
0