НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Рудныйда КамАЗ Lada көлігімен соқтығысып, жеңіл көлік ішіндегі жолаушы әйел қаза болды, деп хабарлады Рудный қаласы полициясының баспасөз қызметі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
""ВАЗ 21070" жүргізушісі Топорков көшесімен келе жатып, Молодая Гвардия көшесінің қиылысындағы бағдаршамда солға бұрылған кезде "КамАЗ" көлігімен соқтығысқан. Жеңіл көлік жүргізушісі бұрылған кезде жолдың қауіпсіз екеніне көз жеткізбеген", - деп хабарлады полиция.
"ВАЗ 21070" жолаушысы жарақат салдарынан сол жерде көз жұмды.
Жол апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 345 бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында жол апатынан бір отбасы мүшелері көз жұмды