13:22 28 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.95
  • EUR495.81
  • RUB5.84
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
79 0 0

Куәгерлердің айтуынша, марқұмдар жергілікті құс фабрикасында жұмыс істеген

КӨКШЕТАУ, 10 қыркүйек – Sputnik. Өткен бейсенбіде Ақмола облысы Бурабай ауданы Қарашілік ауылында өрт кезінде ер адам мен әйел көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"9 қыркүйекте сағат 21.40-та Бурабай ауданының Қарашілік ауылында үй өртенді. Өрттен 1969 жылы туған ер адам мен 1981 жылы туған әйел көз жұмды", - делінген Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.  

Өрттің себебі анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оқиға орнында өрт сөндіру зертханасы жұмыс істеуде.

Оқи отырыңыз: Алматыда 13 отбасы баспанасыз қалды – видео 

Куәгерлердің айтуынша, марқұмдар бұл үйге екі ай бұрын көшіп келген, жергілікті құс фабрикасында жұмыс істеген.

Құтқарушылар электр сымдары мен жылыту пештерін жарамды күйде ұстау қажеттігін еске салды.  

Загрузка...

Басты тақырып