Оқиға

Екі ай бұрын көшіп келген: Ақмола облысында өрттен 2 адам көз жұмды

© Photo : ДЧС Акмолинской областиПожар в селе Карашилик
Пожар в селе Карашилик  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2021
Жазылу
Куәгерлердің айтуынша, марқұмдар жергілікті құс фабрикасында жұмыс істеген

КӨКШЕТАУ, 10 қыркүйек – Sputnik. Өткен бейсенбіде Ақмола облысы Бурабай ауданы Қарашілік ауылында өрт кезінде ер адам мен әйел көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"9 қыркүйекте сағат 21.40-та Бурабай ауданының Қарашілік ауылында үй өртенді. Өрттен 1969 жылы туған ер адам мен 1981 жылы туған әйел көз жұмды", - делінген Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.  

Өрттің себебі анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оқиға орнында өрт сөндіру зертханасы жұмыс істеуде.

Оқи отырыңыз: Алматыда 13 отбасы баспанасыз қалды – видео 

Куәгерлердің айтуынша, марқұмдар бұл үйге екі ай бұрын көшіп келген, жергілікті құс фабрикасында жұмыс істеген.

Құтқарушылар электр сымдары мен жылыту пештерін жарамды күйде ұстау қажеттігін еске салды.  

Жаңалықтар
0