Оқиға

Боранқұл кен орнында жатақхана өртенді: қаза болғандар бар

© Photo : ПС ДЧС СКОАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2021
Жазылу
Оқиға орнына "ҚазМұнайТеңіз" филиалының басшылығы барды, ұлттық компанияда жедел штаб құрылды

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысында Боранқұл кен орнындағы жатақханадан өрт шықты. Екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазМұнайГаз компаниясының баспасөз қызметі.

Төтенше жағдай 6 қыркүйек елорда уақытымен шамамен сағат 04.55-те болды. "ҚазМұнайТеңіз" ТМК" компаниясына қарасты Боранқұл кен орнында екі қабатты жатақхана өртенген.

"Алдын ала мәлімет бойынша тілсіз жаудан екі адам көз жұмды, үш адам жарақат алды", - делінген хабарламада.

Қазір өрт сөндірілді. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Тағы оқыңыз: Шымкентте бір қора қой өртеніп кетті

Оқиға орнына "ҚазМұнайТеңіз" ЖШС филиалының басшылығы барды.

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясында басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың жетекшілігімен жедел штаб құрылды. Оның құрамына тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері кірді.

Жаңалықтар
0