Оқиға

Алматыда тойға дайындалып жүрген 22 жастағы қыз қайтыс болды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуВакцинация от кори, архивное фото
Вакцинация от кори, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2021
Жазылу
Қалалық полиция бұл факті бойынша қылмыстық істі тергеу басталғанын хабарлады

НҰР -СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Алматыда 22 жастағы қыз ақыл тісін жұлдырып, басқа тістерін емдету үшін стоматологияға барған: ол тұрмысқа шығуға дайындалып жүрген, деп хабарлады zhaloby.almaty паблигі. 

Олардың ақпараты бойынша дәрігерлер қызға төрт ақыл тісін жұлдырып, басқа бірнеше тісін емдеуді ұсыныпты. Қызмет құны 420 мың теңге болатынын айтқан. Қыз кепілақы төлеген, ал анестезиолог оған отаның толық наркозбен жасалатынын ескерткен. 

Оқи отырыңыз: Цой екі жасар қыз қайтыс болған тіс клиникасы не себепті жабылмағанын түсіндірді 

Ота алдында науқас анасына қоңырау шалып, тіс дәрігеріне келгенін хабарлаған, ал ол қызын жақсы көретінін және үйде күтетінін айтқан. Алайда алматылық қыз үйге қайтып оралған жоқ: 6 сағаттан кейін анасына ұлы қоңырау шалып, әпкесінің қайтыс болғанын жеткізді.

Марқұмның анасы клиникаға келгенде оған қызының денесін көруге рұқсат бермеді.  

Пабликтің мәліметінше, дәрігерлер қыздың анафилаксиялық шоктан қайтыс болғанын хабарлаған. Оқиға орнына полиция инспекторы келді, дәрігерлер оған екі сағат бойы қызды қайта тірілтуге тырысқанын айтқан көрінеді. Олар клиникада жеке реанимация бөлімі болғандықтан "жедел жәрдем" шақырмаған.

"Аталған факті бойынша тергеу басталды. Тергеу барысы департаменттің бақылауында болады", - деп жазды Алматы қаласы полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рүстем Әбдірахманов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жаңалықтар
0