Қоғам

Цой екі жасар қыз қайтыс болған тіс клиникасы не себепті жабылмағанын түсіндірді

© CC0 / Rubén GonzáleСтоматология
Стоматология  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2021
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша комитет департаменті стоматологиялық орталықтың қызметін тоқтату және лицензиясын қайтару бойынша арыз түсірген

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жеке меншік стоматологияда ем алып, артынан қайтыс болған қыздың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз осы істі ерекше бақылауды ұстадық. Өкінішке қарай, қыз қайтыс болды", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша комитет департаменті стоматологиялық орталықтың қызметін тоқтату және лицензиясын қайтару бойынша арыз түсірген. Бірақ 2020 жылы 19 сәуірде соттың тиісті анықтамасы шыққан. Оған сәйкес, клиниканы лицензиядан айыруға қатысты шағым қараусыз қалды.

Қыздың ата-анасы да сотта стоматологиялық орталықтың жұмысын тоқтатпауды сұраған.

"Дегенмен, медициналық көмек уақытында жасалмаса, я болмаса, ол қызмет сапасыз көрсетілген жағдайда арыз түсіруге болады. Ол үшін министрлікке қарасты медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері бар. Кез келген адам сол жерге шағым түсіре алады", - деп атап көрсетті министр.

Оқи отырыңыз: Тіс дәрігеріне барғаннан кейін комаға түскен бүлдіршін қайтыс болды

Айта кетейік, 2019 жылы 26 желтоқсанда астаналық келіншек екі жасар қызын тіс дәрігеріне апарған. Тексеру көрсеткендей, жалпы наркоз кезінде балаға "Мепивастезин" беріп анестезия жасаған. Бұл препаратты төрт жасқа дейінгі балаларға беруге болмайды. Кішкентай Алиса бір жарым жыл бойы комада жатты. Биыл 21 маусымда бүлдіршін көз жұмды.

Жаңалықтар
0