Оқиға

Ақтөбеде ер адам бөтелкелесін пышақтап өлтірді

© Sputnik / Табылды КадырбековРука человека
Рука человека - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2021
Жазылу
Күдікті жәбірленушімен бірге оның үйінде ішімдік ішкенін, марқұмды пышақтап тастағанын мойындады

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Ақтөбеде ер адам бөтелкелесін пышақтап өлтірді, деп хабарлады Polisia.kz.

24 тамызда Ақтөбе қаласы полиция басқармасының "102" жедел басқару орталығына ер адам қоңырау шалып, Кутуев көшесінде орналасқан үйден жалғыз тұратын туысының мәйітін тапқанын хабарлады.

Оқиға орнына келген жедел тергеу тобы шамамен 45 жастағы кеудесінде пышақтың жарақаты бар ер адамның мәйіт тапты.

Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 44 жастағы күдікті ұсталды. Ол 22 тамыз күні жәбірленушінің үйінде ішімдік ішкенін, екеуінің арасындағы жанжалдан кейін марқұмға пышақ салғанын мойындады.

Жаңалықтар
0