НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Ақтөбеде ер адам бөтелкелесін пышақтап өлтірді, деп хабарлады Polisia.kz.
24 тамызда Ақтөбе қаласы полиция басқармасының "102" жедел басқару орталығына ер адам қоңырау шалып, Кутуев көшесінде орналасқан үйден жалғыз тұратын туысының мәйітін тапқанын хабарлады.
Оқиға орнына келген жедел тергеу тобы шамамен 45 жастағы кеудесінде пышақтың жарақаты бар ер адамның мәйіт тапты.
Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 44 жастағы күдікті ұсталды. Ол 22 тамыз күні жәбірленушінің үйінде ішімдік ішкенін, екеуінің арасындағы жанжалдан кейін марқұмға пышақ салғанын мойындады.