НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Степногор қаласында сатушы әйел дүкенді тонауға келген қарақшының сазайын беріп, қуып шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға 10 тамызда болған. 40 жастағы сатушы әдеттегідей таңертең дүкенді ашып, жұмысына кіріп бара жатқан.
Бір уақытта белгісіз ер адам кіріп келді де, көзден жас шығаратын газды сеуіп, дүкенді тонамақшы болады. Алайда сатушы әйел оған қарсылық көрсетіп, қуып шықты.
Осы жолы Қылмыстық кодекстің 191-бабы, 3-бөлігі (Тонау, тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кірумен жасалған тонау) және 24-бабы, 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Күдікті уақытша қамау изоляторына тоғытылды.
Оқи отырыңыз: Әкесін қарақшыдан құтқарды: Атырау базарында болған оқиғаның видеосы тарады