Өңірлер

Әкесін қарақшыдан құтқарды: Атырау базарында болған оқиғаның видеосы тарады

© AFP 2024 / KAREN BLEIERМужчина держит пистолет Colt, архивное фото
Мужчина держит пистолет Colt, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2021
Жазылу
Әкесі мен баласы қарақшының қаруын тартып алып, оны полиция келгенге дейін ұстап тұрған

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Атырауда әкесі мен баласы тапаншамен қорқытып, ақша талап еткен қарақшыны ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.  

23 маусым күні сағат 19:30 шамасында 48 жастағы ер адам мен 25 жастағы ұлы "Дина" базарындағы қоймалардың бірінде болған. Әкесі көлікте отырған кезде көлікке бетперде таққан, қолында пневматикалық тапаншасы бар белгісіз адам келіп, оны қорқытып, ақша талап еткен. Мұны көрген жас жігіт әкесіне көмекке келді. Олар бірге қарақшының қаруын тартып алып, оны полиция келгенге дейін ұстап тұрған.

Тонау сәті бейнебақылау камерасының объективіне түсті.

Қазіргі уақытта 34 жастағы күдікті қамауда отыр. Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі (Тонау) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0