Оқиға

Шымкентте соқтығысқан екі көліктің бірі ағашқа ілініп қалды - видео

© Photo : Оtyrar.kzВ результате удара иномарка оказалась зажата между деревом
В результате удара иномарка оказалась зажата между деревом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2021
Жазылу
Оқиға кезінде соққы алған Hyundai Starex-тің ішінде тек жүргізуші болған. Ол жеңіл дене жарақатын ғана алды

НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Шымкентте  Hyundai Starex және LADA Priora көліктері соқтығысып қалды.

Жол апаты Тәуке хан мен Сасбұқаев көшелерінің қиылысында қалалық прокуратураның жанында болған, деп жазды Otyrar.kz.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Алдын ала болжам бойынша, Hyundai Starex көлігінің иесі екінші деңгейлі жолда келе жатқан және қиылыстағы LADA Priorа көлігіне жол бермеген. Нәтижесінде екі көлік соқтығысты.

Соққының салдарынан жол бермеген көлік LADA Priora-ны ығыстырып, ағашқа ілініп қалды. Оқиға кезінде көлік салонында тек жүргізуші болған, ол жеңіл дене жарақатын алды.

Жол полициясының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда. 

Оқи отырыңыз: Алматыда бірнеше көлік ағаштың астында қалды - видео

 

Жаңалықтар
0