Өңірлер

Алматыда бірнеше көлік ағаштың астында қалды - видео

© Sputnikқұлаған ағаш
құлаған ағаш - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2021
Жазылу
Ағаш құлағанда астында тұрған көліктерді ғана емес, жолдың қарсы бетіндегі көліктерді де зақымдаған

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Алматының Медеу ауданында үлкен терек құлап, бірнеше көлікті зақымдаған. Астына көліктерді басып алып, көлденең жатқан ағаштың видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty | Алматы | (@kris_p_original)

Кадрдан ағаштың биік екенін байқауға болады. Ағаш құлағанда тек астында тұрған көлікті ғана емес, жолың қарсы бетіндегі көліктерге дейін жеткен.

Оқиға 13 тамызда Гоголь-Абдуллин көшілерінің қиылысында болған. Ағаш құлаған мекенжайға құтқару қызметі жіберілді. Зардап шеккендер жоқ. 

Оқи отырыңыз: Екі адам алып ағаштың астында қалды: жантүршігерлік оқиғаның суреттері жарияланды

 

Жаңалықтар
0