Оқиға

Алматыда жаппай жол апаты болды: жүргізуші жапырылған көлікте қысылып қалды – видео

Жазылу
Құтқарушылар зардап шегушіні гидравликаның көмегімен көліктен шығарды. Ер адамның жағдайы ауыр

АЛМАТЫ, 11 тамыз – Sputnik. Алматының Дулати көшесінде үш көлік жол апатына түсті.  

Куәгерлердің айтуынша, Mercedes-Benz Е-класс көлігі Дулати көшесімен оңтүстік бағытта қатты жылдамдықпен келе жатқан. Набережная көшесінен сәл жоғарыда автокөлік артқы оң жақ бөлігімен сол бағытта келе жатқан Hyundai Getz көлігімен соқтығысқан.

© Sputnik / СтрингерЖүргізуші көлікте қысылып қалды
Алматыда жаппай жол апаты болды: жүргізуші жапырылған көлікте қысылып қалды – видео  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2021
Жүргізуші көлікте қысылып қалды

Осыдан кейін Mercedes жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, Daewoo Nexia көлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан Nexia дәмхана аумағына ұшып түсті.   

© Sputnik / СтрингерDaewoo Nexia жүргізушісі ауыр жарақат алды
Алматыда жаппай жол апаты болды: жүргізуші жапырылған көлікте қысылып қалды – видео  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2021
Daewoo Nexia жүргізушісі ауыр жарақат алды

Daewoo Nexia жүргізушісі көлікте кептеліп қалған. Оқиға орнына құтқару қызметі мен жедел жәрдем шақырылды. Құтқарушылар зардап шеккен адамды шығару үшін гидравликалық құралдардың көмегімен автокөліктің шанағын кесті.

© Sputnik / СтрингерДулати көшесіндегі жаппай жол апаты
Алматыда жаппай жол апаты болды: жүргізуші жапырылған көлікте қысылып қалды – видео  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2021
Дулати көшесіндегі жаппай жол апаты

Ер адамның жағдайы ауыр, ол ауруханаға жатқызылды.

Жол полициясы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.  

Жаңалықтар
0