https://sputnik.kz/20210811/zhappay-zhol-apaty-video-17828192.html
Алматыда жаппай жол апаты болды: жүргізуші жапырылған көлікте қысылып қалды – видео
Алматыда жаппай жол апаты болды: жүргізуші жапырылған көлікте қысылып қалды – видео
Sputnik Қазақстан
Құтқарушылар зардап шегушіні гидравликаның көмегімен көліктен шығарды. Ер адамның жағдайы ауыр 11.08.2021, Sputnik Қазақстан
2021-08-11T07:08+0500
2021-08-11T07:08+0500
2022-02-01T13:05+0500
https://sputnik.kz/img/07e5/08/0b/17827945_312:-1:2154:1042_1920x0_80_0_0_480485047e3904ab1f8f27773c8129a6.jpg
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Массовое ДТП произошло в Алматы: водителя иномарки зажало в искореженном металле
Sputnik Қазақстан
Массовое ДТП произошло в Алматы: водителя иномарки зажало в искореженном металле
2021-08-11T07:08+0500
true
PT1M10S
https://sputnik.kz/img/07e5/08/0b/17827945_404:-1:2062:1042_1920x0_80_0_0_754c76a737af0daee879ccd6027f846d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Алматыда жаппай жол апаты болды: жүргізуші жапырылған көлікте қысылып қалды – видео
07:08 11.08.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Құтқарушылар зардап шегушіні гидравликаның көмегімен көліктен шығарды. Ер адамның жағдайы ауыр
АЛМАТЫ, 11 тамыз – Sputnik. Алматының Дулати көшесінде үш көлік жол апатына түсті.
Куәгерлердің айтуынша, Mercedes-Benz Е-класс көлігі Дулати көшесімен оңтүстік бағытта қатты жылдамдықпен келе жатқан. Набережная көшесінен сәл жоғарыда автокөлік артқы оң жақ бөлігімен сол бағытта келе жатқан Hyundai Getz көлігімен соқтығысқан.
Осыдан кейін Mercedes жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, Daewoo Nexia көлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан Nexia дәмхана аумағына ұшып түсті.
Daewoo Nexia жүргізушісі көлікте кептеліп қалған. Оқиға орнына құтқару қызметі мен жедел жәрдем шақырылды. Құтқарушылар зардап шеккен адамды шығару үшін гидравликалық құралдардың көмегімен автокөліктің шанағын кесті.
Ер адамның жағдайы ауыр, ол ауруханаға жатқызылды.
Жол полициясы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.