Өңірлер

Әйелімен ұрсысып қалған қостанайлық балконнан секіріп кетті

© Sputnik / Медиабанкке өтуМногоэтажный дом. Архивное фото
Многоэтажный дом. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2021
Жазылу
Ер адам аман қалды. Дәрігерлер оны бірден жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Қостанай қаласында әйелімен ұрсысып қалған ер адам үшінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды Saqshy.info сайты.

Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2021
Оқиға
Атырауда 19 жастағы қыз сегізінші қабаттан секіріп кетті
Ресми мәліметке сәйкес, 1 шілде күні сағат 13:16-да аудандық полиция бөліміне "Юбилейный" шағын ауданында балконнан секірейін деп тұрған ер адам туралы хабар түскен. Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері мен құтқарушылар аттанды. Ал көрші үйдің тұрғындары болған жайтты видеоға түсіріп алған. Одан сары жейде киген жас жігіттің балконның сыртына шығып кеткенін көруге болады. Құтқарушылар төменде брезент тартып тұрған. Ал полицейлер алдымен сөйлесіп көрген, одан кейін екі қолынан ұстап, үйге кіргізіп алмақшы болды. Бірақ отағасы бәрібір секіріп, брезенттің ортасына емес, шетіне түсті. 

"Ер адам аман қалды. Дене жарақаты бар. Оны бірден жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізді", - дейді полицейлер. 

Қазіргі кезде тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Жаңалықтар
0