00:23 13 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.15
  • EUR519.12
  • RUB5.96
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
2360 0 0

Полицейлердің айтуынша, қазіргі кезде шабуылдаушылардың жеке басын анықтау мен оларды ұстауға бағытталған жедел іс шаралар кешені жүргізілуде

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Алматыда блогер Валерий Кудрявцев соққыға жығылды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Тәртіп болмайынша біз қалыпты өмір сүре алмаймыз. Олар мені театрдың жанында ұрып-соғып, тонап кетті", – деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Сонымен қатар, автор қан-жоса болған бет-аузының суретін де жүктеген.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 191-бабы (қарақшылық) бойынша тіркелгенін мәлімдеді.

"Қазіргі кезде Алмалы ауданының тәртіп сақшылары тарапынан тиісті шаралар қолға алынды. Жедел тергеу тобы құрылды. Шабуылдаушылардың жеке басын анықтау мен оларды ұстауға бағытталған жедел іс шаралар кешені жүргізілуде", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Кудрявцев пен оның серіктес блогерлер тобы қоғам арасында қызу талқыланған жағдайларға қатысты түрлі кейіпкерлері бар бейнежазбалар түсірумен айналысады. Сондай-ақ олар Қазақстан қалаларын аралап, ондағы проблемаларды көтереді.

Оқи отырыңыз: Тоқал болудан бас тартқан: соққыға жығылған ақтөбелік бойжеткен мән-жайды айтты

Түсірілім тобы соңғы жұмысында Алматы қаласының бас дәрігері Жандарбек Бекшиннің карантиндік шараларын сынап, бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударған болатын.

Тақырып бойынша

Талғарда белгісіз біреулер жас жігітті аяусыз соққыға жықты – видео
Байқоңыр тұрғыны 60 теңге үшін 14 жасар баланы соққыға жықты
Ақтөбеде ер адамның әйелді соққыға жыққан сәті видеоға түсіп қалды
Алматы облысында жасөспірімді соққыға жыққан екі әйел іздестірілуде
"Басқаша болуы мүмкін еді": ММА спортшысы сүйіктісін жұрттың көзінше соққыға жықты – фото
Кілт сөздер:
ұрып-соғу, блогер
Загрузка...

Басты тақырып