Оқиға

Арқалықта көлікпен полициядан қашқан баланың видеосы тарады – полицейлер оқ атты

CC0 / IgorShubin / Мужчина за рулем
Мужчина за рулем - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2021
Жазылу
Оқиға 31 мамырда Арқалық қаласында болған

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым — Sputnik. Әлеуметтік желіде көлікпен полициядан қашып жүрген жасөспірімнің видеосы тарады. Ал жанында отырған әкесі полициядан қашуға үйретеді. Тәртіп сақшыларына көлікті тоқтату үшін қаруды пайдалануға тура келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Видеода кәмелеттік жасқа толмаған бала көлікті айдап жүр. Бір уақытта патрульдік полиция дәл алдына тоқтайды. Ішінен шыққан тәртіп сақшысы көлікті тоқтатуға бұйрық береді. Бірақ баланың жанында отырған әкесі былапыт сөзбен жауап беріп, баласына қашуға бұйырады. Ақырында полицейлер қару қолданады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға 31 мамырда Арқалық қаласында болған. Жергілікті полицейлер "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу шарасы өткізгенде MITSUBISHI PAJERO көлігін көріп, тоқтауға бұйрық берген. Бірақ көлік жүргізушісі қаша жөнелді.  

"Көлік жүргізушісі қашып бара жатып, бірнеше рет апаттық жағдай туғызған. Ал полицейлер дауыс зорайтқыш арқылы қаруды қолданатынын ескертті. Осылайша, полиция қызметкерлері табельді қаруды қолданып, артқы доңғалақты зақымдау арқылы автомобильді мәжбүрлі түрде тоқтатты", - дейді полицейлер.

Рөлде 14 жастағы бала болды. Ал оның жанында әкесі отырған. 35 жастағы ер адамның мас күйінде болғаны анықтады. Оған қатысты екі әкімшілік хаттама рәсімделді. Біреу - әкімішілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 612-бабы, 5 тармағы (басқару құқығы жоқ адамға көлiк құралын басқаруды беру), ал екіншісі – 613-баптың 1-тармағы (полицияның заңды көлікті тоқтатуға қатысты заңды талаптарын орындамау). Осы екі бап бойынша барлығы 80 айлық есептік көрсеткіш (233 360 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.

Оқи отырыңыз: Павлодарда Toyota Land Cruiser мінген 12 жасар баланың әкесіне айыппұл салынды

Бұдан бөлек, 14 жастағы балаға қатысты материалдар қала әкімдігі жанындағы кәмелекеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберілді. Оны қараудың нәтижесінде тиісті шара қолданылады.

Жаңалықтар
0