НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір - Sputnik. Әлеуметтік желідегі kolesa_pavlodara павлодарлық парақшасы кәмелетке толмаған баланың көлік жүргізгені түскен фото жариялады, деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Кенжекөл ауылында кәмелетке толмаған бала (12-13 жаста) көлік жүргізуде. Полиция қайда қарап жүр, түсініксіз. Ал егер Құдай сақтасын, балаларды қағып кетсе, сұмдық болайын деп тұр", - деп жазды хабарлама авторы.
Павлодар полициясы жағдайды бірден назарға алды.
"Аталған факт бойынша Кенжекөл ауылына автопатруль жіберіліп, бұл расталды. Автокөлік иесінің 12 жасар баласы Toyota Land Cruiser Prado жүргізіп келе жатты", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Алматыда Mercedes-ті ондаған полиция көлігі қуды – видео
Құқық қорғаушылар жас жүргізушінің әкесі әкімшілік кодекстің 612-бабы "Басқару құқығы жоқ адамға адамға көлiк құралын басқаруға беру" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты. Сондай-ақ оған 50 айлық есептік көрсеткіш (145 850 теңге) көлемінде айыппұл салынды.