Оқиға

"Кірпіш алып жүгірді": Нұр-Сұлтандағы төбелес видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Абзал КалиевДрака, иллюстративное фото
Драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2021
Жазылу
Ресми мәліметке сәйкес, оқиға 2 маусым күні түнде Қошқарбаев көшесінде болған

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында екі ер адамның төбелескен сәті видеоға түсіп қалды. Оқиға кезінде жанында тұрған жеңіл көлікке зақым келген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Полицияға көліктің иесі хабар берген. Оның темір тұлпарына кірпіш тиді. Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға 2 маусымда түнгі уақытта Қошқарбаев көшесінде болған. 

"Тексеріс кезінде екі таныс ер адамның ішімдік ішкені анықталды. Екеуі сөзге келіп қалды, жанжалдың арты төбелеске ұласқан. Сол кезде біреуі кірпішпен қала тұрғынының көлігін зақымдаған", - дейді полицейлер.

Тәртіп сақшылары төбелеске қатысқан барлық адамды анықтап, кезекшілік бөліміне жеткізді. Бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда көлік жүргізушілері төбелесіп қалды

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті алкогольді ішімдікті шамадан тыс тұтынудың арты ауыр салдарға әкеліп соқтыратынын ескертеді.

Жаңалықтар
0